30.05.2007, 19:17 3095

Белгісіз біреулер Қазақстанның футбол федерациясының интернет-сайтының мәліметтер базасын бұзған

АЛМАТЫ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Белгісіз біреулер Қазақстанның футбол федерациясының интернет-сайтының мәліметтер базасын бұзған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне федерацияның ІТ менеджері Сергей Кузнецов хабарлады.

"Илдекім сайттың паролін ашып, мәліметтер базасына кіретін парольді өзгертіп тастаған",- деді ол. Оның айтуынша, барлық парольдар шифрленген түрде сақталады. Қазір www.fsk.kz сайты бос тұр. "Біз мәліметтер базасына ештеңе қоса алмай отырмыз, қазір парольді қалпына келтірудеміз",- деді С.Кузнецов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны