16.06.2017, 11:23 4065

Белгород облысы әкімшілігініӊ мамандары Қызылорда қаласында мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды енгізу туралы шеберлік сабақтарын өткізді

Сейсенбі күні Белгород облысы әкімшілігініӊ мамандары Қызылорда қаласында болып, мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды енгізу туралы шеберлік сабақтарын өткізді.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Белгород облысы әкімшілігініӊ мамандары Қызылорда қаласында болып, мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды енгізу туралы шеберлік сабақтарын өткізді.

Белгород облысыныӊ ішкі және кадрлық саясат департаментініӊ жобалық-талдау және бақылау ұйымдастыру жұмысы басқармасы басшысы Ирина Кирилова қазіргі кезеӊде Ресей үкіметі деӊгейіндегі Жобалық кеӊседен бастап, федералдық (салалық), өӊірлік және муниципалдық деӊгейлердегі Жобалық кеӊселер жұмыс істейтінін және олардыӊ барлығында үйлестіру органдары бар екенін жеткізді. РФ министрліктері үшін стратегиялық дамудыӊ 11 басым бағыттары айқындалған.

Сол секілді Сбербанкте де жобалық басқару сәтті жүзеге асырылуда. Оныӊ басшысы Герман Греф үнемі ізденісте жүретін, жаӊашылдықты енгізуімен көзге түскен тұлға. Ол басқару жүйесін тек банкте ғана емес, мемлекеттік қызметте де өзгерту керек деген пікір білдірген. Осындай екі позиция РФ мемлекеттік органдарыныӊ барлығында дерлік жобалық басқарудыӊ кеӊінен енгізіле бастауына қозғау болды.

Семинар өткізушілер жобалық басқарудыӊ мақсатын түсіндірді. Ол адами, қаржылық және материалдық ресурстарды тиімді пайдаланып, жобаны жүзеге асыруға кететін шығынды азайтып, өнімніӊ, қызметтіӊ өзіндік құнын азайту жобаны дайындау мерзімін тездету. Жобалық басқару жобаныӊ идея түрінде басталып, толықтай жүзеге асырылғанға дейінгі аралықтағы процестерді үлкен дәлдікпен бақылауға мүмкіндік береді. Ирбір жобаныӊ аясында жасалынған жұмыстарды көріп бағалауға, уақыттыӊ, еӊбектіӊ, адамныӊ және басқа да ресурстардыӊ жалпы сараптамасын жасауға болады.

Мастер класс барысында Белгород облысыныӊ ішкі және кадрлық саясат департаментініӊ жобалық талдау және бақылау жұмысы басқармасы басшысыныӊ орынбасары, бөлім басшысы Маргарита Чистякова жобалық басқару құралдары мен тетіктері жайлы айтып берді.

Жоба әдетте идея түрінде басталып, бастама немесе ұсыныс енгізіледі. Оныӊ атап өткеніндей, жобаны жоспарлау үшін бірінші жұмыс тобы құрылады. Екінші кезекте жұмыс тобы мүшелерініӊ кәсіби сәйкес келуі бағаланады. Содан кейін жобаны бекітуге дайындайды. Жобаға бастама білдірілгеннен кейін оныӊ мақсаты айқындау жобаны сараптамадан өткізу, жұмыс тобын құрып, паспортын бекітіледі. Сараптамадан өткізіліп, паспорты жасалғаннан кейін жоба жоспарланады. Содан кейін жобаны басқару жоспары жасалады. Жобаны жүзеге асыру барысында мониторинг пен бақылау жасау қоса жүреді.

РФ Белгород облысынан келген өкілдердіӊ мемлекеттік басқарудағы жаӊашылдық туралы мастер кластарына қатысушылар қатары көп болды. Оныӊ барысында Белгород облысыныӊ ішкі және кадрлық саясат департаментініӊ жобалық талдау және бақылау жұмысы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Маргарита Чистякова жобалық басқару құралдары мен тетіктері жайлы айтып берді

Ол жобалық басқару адамныӊ ұйымдастыру қабілетін өте ерекше арттыратынына назар аударды. Ондай қасиетті қалыптастыру өзініӊ айналасындағы жұмыс рәсімдеріндегі болып жатқан жағдайды толық ұйымдастыра біледі, нәтижеге жету үшін ресурстыӊ, ақшаныӊ және уақыттыӊ қаншалықты қажет екендігін айқындай алады, компанияныӊ әрбір мүшесінде қандай жауапкершілік тұрғанын анықтай алатын болады. Бір сөзбен айтқанда жобалық басқару - біздіӊ келешегіміз, жаӊа өнімдер мен жаӊа жетістіктер. Оныӊ тағы бір ерекшелігі, берілетін тапсырманыӊ уақыты ықшамдалады, немесе адамдар бір бірін жарты сөзден ұғынып, бір бағытта ойлау мүмкіндіктеріне ие болады. Мәселен, жұмыстыӊ сатылай құрылымын құру қажет делінсе, ол тапсырманы ұзақ және жалықтырып алатындай етіп түсіндірудіӊ еш қажеті жоқ. Аталған тапсырманы орындау үшін белгіленген жобалық бағытталған қызметін уақыттыӊ қатаӊ тәртібінде команданыӊ әрбір мүшесініӊ міндеті мен жауапкершілігін нақты айқындап, диаграмма түрінде немесе кесте ретінде бәрін жазып, жалпы жобаныӊ мақсатымен үйлестіру қажет.

Жобаларды басқару - бұл нақты, теориялық емес әдістеме ғылымы, ол стандарт түрінде берілген бүкіл әлемніӊ жобалық басқаруды шоғырландырған тәжірибесі деп түсінген дұрыс. Ол міндеті бар және айрықша өнім нәтижесі деген түсінік беретін жоба ретінде қарастыратын кез келген істіӊ жетістігіне кепіл береді.

Ресейлік мамандар семинарда Белгород облысында жобаларды жүзеге асырушыларды материалдық және материалдық емес түрінде ынталандыру жайынан да мәліметтер берді. Материалдық ынталандыру барысында жобаныӊ күрделілігі, тиімділігі, командалық жұмыс, мерзімінде үлгеру, сапалы орындалу коэфициенттері есептеледі. Ал материалдық емес ынталандыруға, байқау жеӊімпазы атану, қызмет бабымен жоғарылату секілді басқа да түрлері жатады.

Меймандар сонымен қатар, Белгород облысында жүзеге асырылған бірқатар жобалар туралы ақпараттармен бөлісіп, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны