13.03.2012, 11:45 3460

Бельгия астанасындағы мешіт қасақана өртелді

Брюссельдің шет аймағында орналасқан мешітті қасақана өртеп жіберудің салдарынан имам қаза тапты.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Бельгия астанасындағы мешіт қасақана өртелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Брюссельдің шет аймағында орналасқан мешітті қасақана өртеп жіберудің салдарынан имам қаза тапты.

Белгісіз біреу мешіттің терезесін сындырып, жандырғыш зат құйылған бірнеше бөтелкені ішке лақтырып жіберген. Имам түтінге тұншығып, көз жұмған. Тағы да бір адам зардап шекті. Өртті ұйымдастырған адам ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны