17.11.2015, 15:19 3996

Бельгия полициясы лаӊкестікке қатысы бар күдіктілерді іздестіруде

Париждегі лаӊкестікке қатысы бар деген күдіктілерді іздеуде бельгиялық тәртіп сақшылары да белсенділік танытты

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Париждегі лаӊкестікке қатысы бар деген күдіктілерді іздеуде бельгиялық тәртіп сақшылары да белсенділік танытты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Француз полициясыныӊ мәлімдеуінше, терактіге қатысы бар деген күдікті Салах Абдеслам көршілес елде бой тасалап жүр. Абдесламды қолға түсіру үшін тәртіп сақшылары Брюссельдіӊ тұтас бір ауданын қоршауға алған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ хабарлауынша, операция кезінде қарулы қақтығыс пен жарылыс болған. Осы жайлы ресми ақпаратты күткен журналистер ала таӊнан көз байланғанша қоршау сыртында тұрды. Алайда әлі ешқандай мәлімет жоқ, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Париждегі лаӊкестікке қатысы бар деген күдікпен Салах Абдесламды қамауға алу туралы сан алуан ақпарат тараған еді. Жергілікті БАҚ өкілдерініӊ хабарлауынша, арнайы бөлім көзді жасаурататын газ пайдаланып, 26 жастағы Салахты қолға түсірді. Алайда полиция бұл деректі растайтын мәлімдеме жасаған жоқ. 10 сағатқа созылған арнайы операция нәтижесі көӊіл көншітпеді. Індетіп іздеген жерден Салах Абдеслам табылған жоқ.

Сондай-ақ операция кезінде 2 күдікті ұсталды деген дерек те айтылды. Бельгиялық Artiel телеарнасыныӊ хабарлауынша, Мұхаммед Амри мен Амзе Ату тұтқындалды. Бұл екеуі Салах Абдесламмен бірге лаӊкестік әрекеттен кейін Франция-Бельгия шекарасынан өтті деген болжам бар. Терактіге қатысты күдіктілердіӊ 5-еуі бұлтартпас дәлел таппаған соӊ босатылған. Олардыӊ ішінде Салахтыӊ бауыры

Мұхаммед те бар. Абдесламныӊ тағы бір ағасы

- Ибрагим Париждегі Вольтер көшесінде өзін-өзі жарып жіберген еді. Ағайындыныӊ үшеуі де Моленбек ауданында тұрған. Мохаммед Абдеслам, Салах Абдесламныӊ бауыры: - Болған жай туралы теледидардан естідік. Анық-қанығын айыра алмаған ата-анамды бұл жаӊалық қатты есеӊгіретті. Меніӊ ағам Салах Абдеслам әлі сот алдында жауапқа тартылған жоқ, оныӊ айыбы бар-жоғын білмеймін. Салах осы жақта туып өскен қарапайым жігіт болатын. БАҚ өкілдерініӊ айтуынша, Моленбек ауданы қылмыскерлер апанына айналып үлгерді. Осыған дейін 2014 жылы Брюссель мұражайында оқ атқан Франция азаматы Мехди Неммуш да осы ауданда тұрған. Верьведегі жүзеге аспай қалған лаӊкестікті ұйымдастырды деген күдікті Абдельхамид Абаауд да Моленбекті мекен еткен еді. Бельгия журналистерініӊ айтуынша, ол ағайынды Абдесламдардыӊ ұстазы болған.

Ян Ямбон, Бельгия Ішкі істер министрі:

- Моленбек лаӊкестер ұясына айналды. Бұны түбімен жоюымыз керек. Басты мақсатымыз - осы. Мәселені қысқа мерзімде шешу үшін бар күш-жігерімізді салып бағамыз.

Бельгия Сириядағы лаӊкестік топқа қосылғандардыӊ көптігі жағынан көш бастап келеді, деп мәлімдеді мамандар. Ресми дерек бойынша, Сириядағы қан майданға қатысқан100-ден астам адам елге қайтып оралған. Сондықтан Бельгияға зор қауіп төніп тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны