26.07.2006, 16:44 3001

Белорусия президенті Қазақстанға жұмыс сапармен келеді

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Белорусия президенті Александр Лукашенко екі күндік жұмыс сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды агенттік, Белорусия президентінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

А. Лукашенко, Байқоңыр ғарыш айлағынан белорус алғашқы жасанды "БелКа" жер серігінің ұшырылуын бақылайды. Федералды ғарыш орталығы хабарлағандай, А. Лукашенко әуелі қаламен танысып, ұшыру алаңын көреді, содан кейін, Байқоңырдың монтажды-сынақ корпусындағы ұшыру дайындықтарын тамашалайды.

Байқоңыр ғарыш айлағына бір топ белорус журналистері де келді.

Осыған дейін хабарланғандай, орбитаға бірден бірнеше ғарыш аппаратын алып шығатын "Днепр" зымыран-тасығышы мен "БелКа" жер серігі 28 шілде күні ұшырылуы тиіс еді. Алайда, зымыран-тасығыштың жарамсыздығына байланысты және оны жөндеуге қатысты ұшыру бір айға шегерілген болатын. "Днепрді" ұшыру уақыты 27 шілде күні 1 сағат 43 минутта белгіленген (Мәскеу уақыты бойынша 26 шілде күні 23 сағат 43минутта).

Сондай-ақ, ғарышқа ресей университетінің "Бауманец", италяндық "UniSat-4" жер серіктері және P-Pod контейнерлеріне салынған "CubSat" жеті ғарыш аппараты да бірге ұшырылады.

"БелКа" аппаратын Белорусия Ұлттық ғылым академиясының тапсырысы бойынша, "Виктория" әмбебап ғарыш платформасы базасында ресейлік "Энергия" зымырандық-ғарыш корпорациясы жасап шығарған. Жер серігі геодезиялық, картографиялық және метеорологиялық жұмыстарын жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны