30.01.2015, 10:10 4214

Белоруссияға іс-сапар барысында Қазақстан, Ресей, Белоруссия бас прокурорлары Асхат Дауылбаев, Юрий Чайка, Александр Конюктіӊ үшжақты кездесуі болып өтті.

Тараптар ортақ экономикалық кеӊістік жағдайындағы өзекті мәселелерді, оныӊ ішінде халықтық сұраныстағы тауарлар айналымына қатысты, автомобильдерді заӊсыз кіргізу және тіркеу, қосымша құн салығын заӊсыз қайтару саласы, сондай-ақ Еуразиялық одақ қызметі аясындағы мәселелерді шешу бойынша сарапшылар тобын құру туралы талқылады

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Тараптар ортақ экономикалық кеӊістік жағдайындағы өзекті мәселелерді, оныӊ ішінде халықтық сұраныстағы тауарлар айналымына қатысты, автомобильдерді заӊсыз кіргізу және тіркеу, қосымша құн салығын заӊсыз қайтару саласы, сондай-ақ Еуразиялық одақ қызметі аясындағы мәселелерді шешу бойынша сарапшылар тобын құру туралы талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сұхбаттасушылар экономикалық интеграция тұрғысында ЕАЭҚ елдері қадағалаушы органдарыныӊ ынтымақтастығын тереӊдету аймақтағы заӊдылықты қамтамасыз ету, трансұлттық қылмысқа қарсы тұру, тұрақтылықты нығайту бойынша ортақ стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған басты біріктіруші фактор екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Минск қаласында өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша мемлекетаралық кеӊес отырысыныӊ бірінші ұйымдастырушылық отырысына қатысты. Форум жұмысына Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанныӊ құзырлы органдарыныӊ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында құқықтық тетіктерді жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардыӊ алдын-алу, сондай-ақ олардыӊ салдарын жою мәселелері кеӊінен талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша мемлекетаралық кеӊес 6 мемлекеттіӊ (Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қыргызстан, Ресей және Тәжікстан) басшыларымен құрылған ТМД-ныӊ салалық ынтымақтастық органы болып табылады. Кеӊес сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шараларды ұйымдастыру және үйлестіруді, оныӊ ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заӊнаманы жақындастыру және үйлестіру, ақпарат алмасуға ықпалдастық ету, сондай-ақ Кеӊеске қатысушы-мемлекеттер құзырлы органдарыныӊ өзара ынтымақтастығын нығайтуды жүзеге асырады.

ҚР Бас прокуратурасыныӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны