14.01.2015, 09:35 5588

Белоруссияны азат еткен қазақстандық жауынгерлердіӊ туыстарына мерейтойлық медальдер табыс етілді

Бүгін Қазақстандағы Беларусь Республикасы елшілігініӊ қызметкерлері Белоруссияны фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан Ихсанбек Асанов пен Болташ Сейітовтіӊ туыстарын қабылдады

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстандағы Беларусь Республикасы елшілігініӊ қызметкерлері Белоруссияны фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан Ихсанбек Асанов пен Болташ Сейітовтіӊ туыстарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдерді тапсыру салтанатына ержүрек жауынгер Ихсанбек Асановтыӊ қызы Фарбиза Асанова мен немересі Нұрлан Орманбетов қатысты. Витебск облысы Дубровно қаласын жаудан азат етуде ерлікпен қаза тапқан батырдыӊ немересі тағдырын әскермен байланыстырған. Бүгінде ол ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

"Меніӊ әкем өте ержүрек адам болған. Ол үшін намыс бәрінен қымбат. Бала күнімде мен әкемніӊ өмірге белсенді құштарлығына таӊ қалатынмын. Оныӊ махаббаты мен қамқорлығы ер азаматтардыӊ өз балалары мен жақындарына үлгі болып қалады", - дейді Ф. Асанова.

2014 жылы көктемде қайтыс болған Болташ Сейітовтіӊ наградасы ұлы Талғат Сейітовке табыс етілді.

"Меніӊ әкем соғыстыӊ басынан аяғына дейін қатысты. Белоруссияны, Украинаны және Молдавияны азат етті. Ол қашанда алғы шепте ажалмен қатар жүрді. Соғыстыӊ барлық отынан өткен ол парасатты, өмірді сүйген адам боп қалды", - дейді Т. Сейітов.

Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығымен құттықтаған Беларусь Республикасыныӊ Елшісі Анатолий Ничкасов фашист басқыншыларына қарсы тұруда бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығара білген барлық ұлт өкілдерініӊ бірлігі гитлер армиясын күйрете білді деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны