03.04.2012, 15:59 3425

Бен Ладеннің жесір қалған әйелдері мен қыздарын 1,5 айға түрмеге қамауға үкім шығарылды

Пәкістан соты "Аль-Каиданың" бұрынғы лидері Усама бен Ладеннің үш жесірі мен екі қызын көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 45 тәулікке түрмеге жабу туралы үкім шығарды, деп мәлім етті кеше айыпкерлердің адвокаты Аамир Халиль.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Бен Ладеннің жесір қалған әйелдері мен қыздарын 1,5 айға түрмеге қамауға үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Пәкістан соты "Аль-Каиданың" бұрынғы лидері Усама бен Ладеннің үш жесірі мен екі қызын көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 45 тәулікке түрмеге жабу туралы үкім шығарды, деп мәлім етті кеше айыпкерлердің адвокаты Аамир Халиль.

Сонымен қатар, әйелдердің әрқайсысын 114 $ көлемде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Террористің жесірлері мен қыздары Пәкістанда 2002 жылдан бері заңсыз тұрып келе жатқаны үшін кінәлі деп танылды.

У.бен Ладеннің туыстары қамауда 3 наурыздан бері болғандықтан, түрмеде енді 14 күн болады. Жаза мерзімі аяқталған соң олар ел аумағынан шеттетіледі.

У.бен Ладен 2011 жылы мамыр айында АҚШ арнайы қызметінің Абботтабадтағы операциясы барысында өлтірілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны