02.04.2009, 18:57 3049

"Береке мен бірліктің тілі" байқауына қатысатын жұмыстар 15 мамырға дейін қабылданады - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры

"Береке мен бірліктің тілі" байқауына қатысатын жұмыстар 15 мамырға дейін қабылданады - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры "Береке мен бірліктің тілі" атты байқауына қатысатын өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры "Береке мен бірліктің тілі" атты қазақ тілін насихаттауға арналған жарнама байқауына өтініштерді қабылдау мерзімін бір айға ұзарту туралы шешім қабылдады. Енді қазақ тілін қалың бұқараға насихаттауға бағытталған байқауға қатысушылар өз жұмыстарын 15 мамырға дейін қорға жолдауына болады",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, байқау мерзімінің ұзаруына ынта білдіруші қауым белсенділігінің тым төмендігі себеп. Мәселен, үш ай ішінде қорға келіп түскен қазақ тілі туралы жарнама жұмыстарының ұзын саны - бесеу ғана болған.

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры "Береке мен бірліктің тілі" байқауын қаңтар айында жариялаған болатын. Бұл байқау барша қазақстандықтардың жүрегіне қазақ тілі туралы жылы сезім ұялатып, мемлекеттік тілге жаппай қоғамның назарын аудару мақсатын көздейді.

Байқауға қатысушылар қазақ тілінің сүйкімін паш ететін жарнама роликтерінің мәтінін, лозунгтер, суреттер, плакаттар т.б. жібере алады.

Қордың ақпаратына сәйкес, ең үздік шығармашылық жұмыстар ақшалай сыйлықпен марапатталады. Бірінші орын - 300 мың теңге, екінші орын - 200 мың теңге, ал үшін орын үшін - 100 мың теңге. Сонымен бірге үздік жұмыстар елдегі телеарналар арқылы насихатталып, қала көшелеріндегі жарнамаларда көрініс табатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны