04.12.2013, 19:20 4404

Бергей Рыскалиевтің қылмыстық қауымдастығының мүшелеріне қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокуратураға жолданды

"Рысқаливтің қылмыстық қауымдастығының мүшелері жасаған ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстардың нәтижесінде мемлекет пен азаматтарға жалпы сомасы 71 млрд.теңге залал келтірілген",- деп хабарлайды мекеме.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың 22 мүшесіне қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен әрі қарай сотқа жолдау үшін 2013 жылғы 3 желтоқсанда прокуратура органдарына жолданды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 айыпталушы қамауда, 9-ы - үй қамауында, 2-уінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Бергей Рыскалиев, оның ағасы Аманжан Рыскали, сондай-ақ, олардың тағы 9 сыбайласы халықаралық іздеуде.

Көрсетілген тұлғаларға қатысты қылмыстық істің материалдары жеке өндіріске шығарылды.

"Рысқаливтің қылмыстық қауымдастығының мүшелері жасаған ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстардың нәтижесінде мемлекет пен азаматтарға жалпы сомасы 71 млрд.теңге залал келтірілген",- деп хабарлайды мекеме.

Қаржы полициясы қабылдаған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 23,6 млрд.теңгенің мүлкі қайтарылды.

Келтірілген залалды әрі қарай өтеу мақсатында тергеу барысында жалпы құны 42 млрд.теңгені құрайтын айыпталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің 580-нен астам түріне тыйым салынды (5 аяқталмаған құрылыс объектілері, 73 жер учаскесі, 2 әкімшілік ғимарат, 13 тұрғын үй, 12 кеңсе, 23 пәтер және т.б.; 197 көлік құралы, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы 31 қатысу үлесі, түрлі жабдықтардың 145 бірлігі, 19 банк шоттары).

Бұдан басқа, Швейцария конфедерациясының Федералды прокуратурасы Швейцариядағы банктердегі Бергей Рыскалиевтің туысқандары мен онымен сыбайлас тұлғалардың шоттарындағы көлемді ақша қаражаттарына тыйым салған, делінген хабарламада.

Қаржы полициясының хабарлауынша, 2013 жылғы 11 маусымда Швейцария Федерациясына осы мемлекеттің аумағында тергеу амалдарын жүргізу жөнінде халықаралық тапсырма жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны