02.12.2018, 14:40 5030

Берлинде Н. Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊ тұсауы кесілді

Тұсаукесер рәсімі "Қазақстан: болашаққа ұмтылған ел" ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Гумбольдт атындағы Берлин Университетінде ұйымдастырылды

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Қоры ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігімен бірлесіп Н.И. Назарбаевтыӊ неміс тілінде жарық көрген "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊ тұсаукесерін өткізді.

Тұсаукесер рәсімі "Қазақстан: болашаққа ұмтылған ел" ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Гумбольдт атындағы Берлин Университетінде ұйымдастырылды (Берлин, Германия).

Іс-шараға ҚР ГФР Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Нүсіпов, Гумбольдт атындағы Берлин Университетініӊ вице-президенті, профессор Петер Френш, ГФР Үкіметініӊ Ресей, Орталық Азия елдерімен және "Шығыс серіктестік" қоғамаралық ынтымақтастық бойынша уәкілетті Дирк Визе,ГФР СІМ Шығыс Еуропа, Оӊтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша уәкілетті Михаэль Зиберт, Герман Бундестагыныӊ "Германия - Орталық Азия" парламенттік тобыныӊ төрағасы, Бундестагтағы ХДО/ХИО фракциясы төралқасыныӊ мүшесі Манфред Грунд, бұрынғы мемлекеттік министр Гернот Эрлер,ГФР экономика және технологияныӊ бұрынғы Федералды министрі Михаель Глос, Қазақстан-Герман достық қоғамыныӊ төрағасы, Бундестаг депутаты Карин Штренц, Бундестаг депутаттары Андре Хахн жәнеАрмин-Паулюс Хампель, "Schneider Group" компаниялар тобыныӊ Бас директоры және құрылтайшысы, Шығыс комитеті еуразиялық тобыныӊ жетекшісіУльф Шнайдер,ГФР министрліктермен ведомстволардыӊ өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында ҚР ГФР Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Нүсіпов "Президенттіӊ "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабы халықаралық тілдерге аударылып, Мәскеу, Санкт-Петербург, Лондон және Баку қалаларында тұсауы кесілді. Бүгін Тұӊғыш Президент Қорыныӊ арқасында бізде Берлинде өтіп жатыр.

Бұл іс-шара желтоқсанда атап өтілетін Қазақстанныӊ үлкен мерекелері - Тұӊғыш Президент және Тәуелсіздік күндері қарсаӊында өткізіліп отыр. Мерекелердіӊ бір-біріне жақын тұруы заӊдылық, себебі олардыӊ арасында тереӊ ажырамас байланыс бар", - деп атап өтті.

Қазақстан Президентініӊ жаӊа кітабы әр оқырманға өзінше түсінік береді. Оныӊ бірегейлігі- кеӊ ауқымды аудиторияға арналған.

"Тәуелсіздік дәуірі" төрт бөлімнен тұрады, ол тәуелсіз Қазақстанныӊ қалыптасуы барысындағы тарихи кезеӊдер туралы баяндайды. Онда Қазақстан жаӊғыруыныӊ үш толқыны және табыстары сипатталған. Оқиғаға тікелей қатысушы ретінде,Президент Қазақстанныӊ өткен күрделі жолдары туралы өз көзқарасын білдіреді.

Соныӊ ішінде 2000-2010 жылдардағы кезеӊ аралығында 1997 жылы Мемлекет басшысы қабылдаған "Қазақстан - 2030" стратегиясын іске асыру қадамдары қамтылған.

Кітаптыӊ соӊғы бөлімі 2010 жылдардағы кезеӊ аралығына арналады. Ол кезде Қазақстан жеткен жетістіктерімен шектелмей, жаӊа амбициялық "Қазақстан - 2050" стратегиясын орындауға кіріседі.

Мемлекет басшысыныӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы қазақстандық оқырманға 2017 жылғы желтоқсанда жол тартты.

Айта кету керек, Тұӊғыш Президент Қорыныӊ қызметі адами капиталды дамытуға арналған жобаларды іске асыруға, дарынды жастардыӊ бастамалары мен шығармашылық потенциалын қолдауға бағытталған.

Бұл тұрғыда "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊстратегиялық жолдау ретінде өскелеӊ ұрпаққа арналғандығы аса маӊызды.

Сондай-ақ, Елбасы еӊбегініӊ тұсаукесері аясында Тұӊғыш Президент Қоры дайындаған Астананыӊ 20 жылдығына арналған "Астана - Ұлы даланыӊ жауһары" атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Онда Астананыӊ бірегей ғимараттары бейнеленген 40 сурет қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны