26.06.2015, 13:14 3877

Бес елдіӊ барлаушысы "Алтын үкі - 2015" кубогын алу үшін сайысқа түседі

Маусымныӊ 29-ы мен шілденіӊ 4-і аралығында Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ полигонында "Алтын үкі" - 2015" арнайы мақсаттағы барлау топтарыныӊ VІІІ халықаралық жарыстары өтеді

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Маусымныӊ 29-ы мен шілденіӊ 4-і аралығында Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ полигонында "Алтын үкі" - 2015" арнайы мақсаттағы барлау топтарыныӊ VІІІ халықаралық жарыстары өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бес күн ішінде мықты барлау тобы атағына Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттарыныӊ арнайы мақсаттағы жасақтары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерініӊ жауынгерлері сайысатын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жарысқа қатысушыларды ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Иртүрлі қашықтықтарда нысаналар бойынша ығысып, ыӊғайсыз қалыпта стандарттық емес нысаналар бойынша оқ ату. Жауынгерлерге миналық-қопару ісін, кедір-бұдырлы жерде азимут бойынша десанттау және қозғалуды көрсету қажет болады.

Соӊғы және еӊ күрделі кезеӊде қатысушылар 43 жерүсті және су кедергілерінен тұратын барлаушыныӊ соқпағын, сондай-ақ таулы учаскені еӊсеруде өздерініӊ күштерін, айла-тәсілі мен төзімділігін тексереді. Соқпақтыӊ жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асып жығылады.

"Алтын үкі" халықаралық сайысы шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылардыӊ жоғары моральдық-психологиялық, әскери-арнайы және дене дайындығын қалыптастыруға және ұстап тұруға ықпал етеді.

Бес күндік дода барысында барлаушылар әрбір әскери қызметшініӊ жауынгерлік және дене даярлығыныӊ деӊгейін және жалпы топтыӊ үйлесімділігін сыннан өткізеді. Бірақ, еӊ бастысы арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ жауынгерлерін дайындау әдістемелері және озық тәжірибемен алмасады.

2013 және 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ жауынгерлері осы сайыстардыӊ абсолюттік жеӊімпаздары атанғанын атап өтейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны