10.04.2012, 10:41 3522

Бесоба ықшам ауданында тағы бір тұрғын үй құлаудың аз-ақ алдында тұр

таяуда Қарағандыда құлаған үйге көрші орналасқан үйдің тұрғындары баспанасыз қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Олар жертөлеге тексеріс жүргізіп, үйдің қирау алдында тұрғанын анықтады.

Қарағанды. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Бесоба ықшам ауданында тағы бір тұрғын үй құлаудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, таяуда Қарағандыда құлаған үйге көрші орналасқан үйдің тұрғындары баспанасыз қаламыз ба деп үрейленіп отыр.

Олар жертөлеге тексеріс жүргізіп, үйдің қирау алдында тұрғанын анықтады.

"Біздің үй 6 сәуірде қираған Бесоба шағын ауданындағы №7 үйге параллель тұр. Біздің үй де құлауы мүмкін", - дейді Игорь В.

"Кеше біз үйдің жертөлесін суретке түсіріп, онда ірі жарық барын анықтадық. Сонымен қатар, көршілердің қабырғалары мен едендері жарылуда, ал үйдің іргетасынан бұлақ суы шығып жатыр. Бүгін сағат 19:00-де барлық тұрғындар жиналады деп жоспарлануда, Қарағанды әкімі мен "Строй март" дүкенінің директоры келуі тиіс", - деп хабарлады Игорь В.

Оның сөзіне қарағанда, үйдің тұрғындары қазірдің өзінде қоныс аударып, жиһаздарын тасып жатыр.

"Кейбір адамдардың баратын жері жоқ. Біз инстанцияға жүгінеміз, бұл біздің үй, еңбекпен алдық. Бұл үй тіреусіз салынған, саздың үстінде тұр", - деп түйіндеді В.Игорь.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны