12.02.2015, 17:52 5766

БҒМ "Болашақ" бағдарламасы қатысушыларын тіл даярлығынан Қазақстанда өткізуді қарастыруда

"Болашақ" білім беру бағдарламасыныӊ қатысушылары тіл даярлығын курстардан өз елімізде өтеді, деп хабарлады бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - "Болашақ" білім беру бағдарламасыныӊ қатысушылары тіл даярлығын курстардан өз елімізде өтеді, деп хабарлады бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз мақсатты даярлық бойынша ұсыныстар енгізудеміз, яғни нақты кәсіпорындар үшін. Сонымен бірге, тағылымдама бағдарламасы аясында тіл даярлығын Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырудамыз. Бұл өз кезегінде 1-2 млрд теӊгені үнемдеуге ықпал етеді", - деді А.Сәрінжіпов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол түсіндіріп өткендей, халықаралық серіктестермен арнайы орталықтар ащу жоспарланған.

"Біз халықаралық әріптестермен арнайы орталықты ашамыз. Бұл шаралар қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді", - деп түйіндеді ол.

"Болашақ" бағдарламасыныӊ өзін қаржыландыруға қатысты, ведомство басшысы айтқандай, қысқарту болмайды.

"Қазір жаӊа бюджет қаралады", - деп қорытындылады ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны