11.03.2012, 16:41 13271

Би-би-си тележүргізушісі тікелей эфир барысында ұйықтап қалған

Жұма күні Маккой әріптесі Мартин Кроксоллмен бірге таңертеңгілік жаңалықтар топтамасын жүргізген болатын. Сағат 08:26-да камера үстел үстінде қалғып кеткен Маккойға қосылып кетті.

Алматы. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Би-би-си тележүргізушісі тікелей эфир барысында ұйықтап қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Маккой әріптесі Мартин Кроксоллмен бірге таңертеңгілік жаңалықтар топтамасын жүргізген болатын. Сағат 08:26-да камера үстел үстінде қалғып кеткен Маккойға қосылып кетті.

Болған олқылықтың орнын толтыру үшін ол "тез арада атып тұрып, салқынқандылық танытпақ болды", деп жазады басылым. Алайда көптеген көрермен жүргізушінің қателігін аңғарып, Twitter-де оны қалжың нысанына айналдырып үлгерді.

Маккойдың өзі студияда болған оқиғаға қатысты түсініктеме беруін сұрағанда қалжыңмен жауап беруді жөн санаған. Оның айтуынша, "бұл - үстелге бас ұру үдерісінің тым ұзаққа созылып кетуі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны