14.12.2009, 17:26 3520

Биік тау шатқалындағы "Медеу" мұз айдыны 16 желтоқсанда ашылатын болады

Биік тау шатқалындағы "Медеу" мұз айдыны 16 желтоқсанда ашылатын болады

Алматы. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2009 жылдың 16 желтоқсанында сағат 11.30-да Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының жаппай сырғанауы үшін биік тау шатқалындағы "Медеу" мұз айдыны ашылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мұз айдынның ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан спортының ардагерлері, жас спортшылар, Алматы тұрғындары мен қала қонақтары қатысады.

"Медеу" мұз айдыны ашылған сәттен бастап күн сайын сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, сонымен қатар сағат 18.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. 16.00 - 18.00 - техникалық үзіліс.

Мұз айдынына кіру бағасы: үлкендер үшін - 1600 теңге, мектеп оқушылары мен студенттер үшін - 800 теңге, 7-12 жастағы балалар үшін - 500 теңге, 7 дейінгі балаларға - тегін. Конькийді прокатка алу: үлкендердікі - 800 теңге, балалардікі - 500 теңге.

16 желтоқсан күні биік тау шатқалындағы "Медеу" мұз айдынына кіру тегін, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны