26.05.2009, 16:15 2911

Биыл "100 мектеп, 100 аурухана" жобасының аясында 18 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда

Биыл "100 мектеп, 100 аурухана" жобасының аясында 18 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биыл "100 мектеп, 100 аурухана" жобасының аясында 18 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Елжан Біртанов бүгін өткен апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Биыл 18 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 74 нысанның құрылысы 2010 - 2011 жылдары құрылыс салу жоспарына сәйкес аяқталады", - деді Е. Біртанов.

Вице-министр осы орайда 2008 жылы жобаның аясында 7 денсаулық сақтау нысанының құрылысы салынып біткенін хабарлады.

Оның айтуынша, "экономикалық сипаттағы белгілі бір себептерге байланысты құрылысы басталып үлгермеген нысандардың құрылысын бастамауға шешім қабылданды, өйткені, олардың жобалық -сметалық құжаттамасы дайын болмаған". Вице-министрдің айтуынша, ондай нысандардың саны - 26.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2010 жылы жоғары оқу орындарының жанында 4 көпбағытты аурухананың құрылысын салу жоспарлануда. Олардың құрылысына 16,8 млрд теңге қарастырылған.

Қазір жобалық -сметалық құжаттамасы жасалып жатқан нысандардың құрылысына жұмсалатын шығындардың болжамы - 76 млрд теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны