12.07.2017, 15:57 4099

Биыл 8 мыӊ қызылордалыққа жер телімі табысталады

Биыл табысталатын жер телімініӊ 4491-сі облыс орталығына тиесілі, аудандар бойынша 3648 учаске берілуі керек

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жыл сайын жер телімін алып, баспана салушылар қатары көбейіп келеді. Облыстық жер қатынастары басқармасы мамандарыныӊ дерегінше биыл да 8 мыӊ қызылордалыққа жер телімі табысталады.

Қазір облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға берілген өтініш саны 110526-ке жетіп отыр, оныӊ 27477-і қанағаттандырылды, қалған 83049 (Арал 4243, Қазалы 6094, Қармақшы 5824, Жалағаш 2161, Сырдария 807, Шиелі 7327, Жаӊақорған 3390, Қызылорда қаласы 53203) өтініш арнайы кезекке қойылып отыр.

Биыл табысталатын жер телімініӊ 4491-сі облыс орталығына тиесілі, аудандар бойынша 3648 учаске берілуі керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны