04.09.2017, 11:25 4594

Биыл Ақмола облысында 15 мыӊнан астам бала мектеп табалдырығын аттады

Облыста 18 бiлiм нысаныныӊ құрылысы және қалпына келтiру жұмыстары басталды. Оныӊ iшiнде 7-уi мектеп. Ағымдағы жылы оныӊ 2-уi пайдалануға берiледi

Көкшетау. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биыл Ақмола облысында 15 мыӊнан астам бала мектеп табалдырығын аттады. Бұл туралы өӊiрлiк бiлiм қызметкерлерiнiӊ тамыз конференциясында айтылды.

Шарада облыстық бiлiм басқармасы басшысыныӊ мiндетiн атқарушы Валерий Гамазов атап өткендей биылғы жылы облыс бойынша барлығы 115 мыӊ оқушы мектепке барады. Оныӊ 15 482-сi тұӊғыш рет бiрiншi сыныпқа баратын балалар.

Валерий Гамазовтыӊ айтуынша, облыстық бiлiм басқармасы ел Президентiнiӊ алға қойған мiндеттерi мен мақсаттарын жүзеге асырып, жас ұрпаққа сапалы бiлiм беру жолында жаӊа серпiндi рухта жүйелi жұмыс атқарып келедi. "Облыста 18 бiлiм нысаныныӊ құрылысы және қалпына келтiру жұмыстары басталды. Оныӊ iшiнде 7-уi мектеп. Ағымдағы жылы оныӊ 2-уi пайдалануға берiледi. Оған қоса, бiлiм беру нысандарына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн 1,4 миллиард теӊгеден астам қаражы бөлiндi. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайтуда қолға алынған. Мәселен, 1,1 миллиард теӊгеден астам қаржыға оқулық сатып алынды. 460 миллион теӊгеден астам қаржыға мультимедиялық және жаӊа үлгiдегi оқу кабинеттерi мен жабдықтар сатып алынды", - дедi басқарма басшысы.

Шара барысында бiлiм саласындағы түйткiлдi мәселелер талқыланып, алдағы 2017-2018 оқу жылыныӊ мiндеттерi белгiлендi. Осы орайда, облыс әкiмiнiӊ орынбасары Айна Мысырәлiмова педагогтар қауымын құттықтай келе, келешек жастарды отансүйгiштiкке, патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесiне тоқталды. "Бұл бағдарламаныӊ негiзi туған ауыл, қала, өлкеге, оныӊ тарихы мен мәдениетiне деген махаббаттан тұрады", - дедi А.Мысырәлiмова өз сөзiнде.

Конференция соӊында бiлiм беру саласында жақсы жетiстiктерге қол жеткiзген мұғалiмдер мен оқу орындарыныӊ басшылары, балабақша тәрбиешiлерi облыс әкiмiнiӊ Алғыс хаттарымен марапатталды, бiрқатар ұстаздарға Ы.Алтынсарин және "Бiлiм беру iсiнiӊ үздiгi" төсбелгiлерiн тапсырды.

Соӊғы жылдары облыстық бiлiм басқармасы "Бiлiм саласыныӊ үздiк ұйымы" атты облыстық байқауын дәстүрлi ұйымдастырып келедi. Биылғы жылы байқауға 13 ұйымнан өтiнiш келiп түскен. Солардыӊ арасында Көкшетау қаласындағы №5 "Таӊдау" мектеп-гимназиясы байқау жеӊiмпазы атанды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны