26.02.2018, 17:17 4286

Биыл Ақтөбе облысында 13 жаӊа мектеп пен 38 балабақша пайдалануға беріледі

5,7 мыӊ орынға арналған 38 балабақша ашу жоспарланып отыр. Бұл 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 98% -ке арттырады

Ақтөбе. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Президенттіӊ үш ауысымды мектептер мен авариялық мектептерді жою жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Ақтөбе облысында 26 мектеп салынып жатыр. Оныӊ ішінде биылғы жылы кемінде 13-і пайдалануға беріледі. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеӊберінде 5,7 мыӊ орынға арналған 38 балабақша ашу жоспарланып отыр. Бұл 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 98% -ке арттырады.

"Адами капитал - елдіӊ және қоғамныӊ бәсекеге қабілеттілігініӊ негізі. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, облыста білім беру қызметтерініӊ сапасын және тиісті базаны жетілдіру бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. 2017 жылы 3500-ден астам орынға 39 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Бұл 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 93%-тен 96% -ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. 32 мектептіӊ құрылысы жалғасуда, оныӊ ішінде 15 апаттық жағдайдағы, төрт ескі және жеті үш ауысымдық мектептіӊ мәселесі шешілді ", - деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы "Бақытты бала" жобасыныӊ аясында жүзеге асырылатын шаралар туралы баяндады. Жоба 218 балабақшаны және 243 мектепті интерактивті жабдықпен жабдықтауды, робототехникаға арналған ресурстық орталықтар ашуды, жалпы мектептерде 77 спорт алаӊдарын және тағы басқаларды жабдықтауды қарастырады.

Облыс әкімі әлеуметтік саланыӊ дамуы туралы айта келіп, 2017 жылы халықты спортпен және дене шынықтырумен қамту 27 пайыздан 31 пайызға дейін көтерілгенін атап өтті. 22 спорт алаӊы салынды. 2018 жылы Қобда ауданында спорттық-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр және Ийтеке би, Қарғалы және Ырғыз аудандарыныӊ аудан орталықтарында 3 ДШСК құрылысы басталады. Батыс-2 шағын ауданында жалпы құны 3,8 млрд. теӊгені құрайтын Мұз айдыны сарайы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны