02.07.2013, 11:19 4464

Биыл "Астана - Павлодар" автожолының құрылысы басталады

Биыл "Астана - Павлодар" автожолының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгiн "Астана - Темiртау" тасжолының құрылысын iске қосқаннан соң журналистерге берген сұхбатында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов мәлімдеді.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Биыл "Астана - Павлодар" автожолының құрылысы басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биыл "Астана - Павлодар" автожолының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгiн "Астана - Темiртау" тасжолының құрылысын iске қосқаннан соң журналистерге берген сұхбатында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов мәлімдеді.

"Бүгiн құрылысы iске қосылған жолдың бiздiң экономикамыз үшiн маңызы зор. Бұл жол елордамызды өнеркәсiптiк аймақ - Қарағандымен қосатын болады. Ағымдағы жылы бiз "Астана - Павлодар" бағытындағы жолдың құрылысын бастаймыз. Жолдардың құрылысы ең соңғы заманауи технологияларға сәйкес жүргiзiлмек, әрi олардың қалыңдығы 30 см болады- дедi Үкiмет басшысы.

Оның айтуынша, жолдардың барлығы еуропалық сапа стандарттарына жауап бередi.

"Заманауи автокөлiк жолдарының құрылысы Қазақстан үшiн экономикалық тұрғыдан алғанда да, әлеуметтiк жағынан да үлкен маңызға ие", - деп толықтырды С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны