29.06.2015, 12:03 3526

Биыл Астанада 200-ден астам ҚТҚ жинауға арналған контейнерлік алаӊ жасалады

Елордада қаланы тазартуға баса назар аударылады. Астанада қалдықтарды басқарудыӊ қазіргі жүйесіне қалдықтарды жинау, шығару, сұрыптау және қайта өӊдеу кіреді

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Елордада қаланы тазартуға баса назар аударылады. Астанада қалдықтарды басқарудыӊ қазіргі жүйесіне қалдықтарды жинау, шығару, сұрыптау және қайта өӊдеу кіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Қосман Айтмұхметовтыӊ хабарлауынша, қала аумағында 1842 контейнерлік алаӊда 9891 қоқыс жинау контейнері орнатылған. Биыл пайдаланылып жүрген 150 контейнерлік алаӊда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қосымша 200 алаӊ орнату көзделген. Бұдан бөлек, Астанада "жасыл" экономикаға көшу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- 2015 жылғы 1 наурыздан бері тұрғын үй қорында ҚТҚ бөліп жинау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Тиісті инфрақұрылымды жасау үшін 54 контейнерлік алаӊда түрлі түсті 108 контейнер орнатылды. Пилоттық жоба 36 тұрғын үй кешенінде, "Астана Тазарту" ЖШС қатысуымен 17 ПИК учаскесінде қолға алынды, - деді Қ. Айтмұхаметов.

2014 жылдыӊ желтоқсан айынан бастап жылыту маусымында елорданыӊ жеке секторында күл жинау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. 75 арнайы контейнер орнатылып, 600 тоннадан астам күл жиналып, шығарылды.

2014 жылы құрамында сынап бар энергия сақтаушы шамдарды қайта өӊдеу жобасы аясында полигонға 570 мыӊ тонна түрлі қалдықтар жіберілді. Жыл басынан бері 230 мыӊ тонна қалдық қабылданды.

Қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту үшін қалдықтарды көму полигондарын кеӊейту шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні қалдықтарды көму полигоныныӊ екінші ұяшығын салу жұмыстары аяқталуға жақын. 2015 жылдыӊ қарашасына дейін ескі полигонды қайта құнарландыру жұмыстары бітеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны