30.01.2013, 14:09 3372

Биыл Астанада онкологиялық орталықтың құрылысы басталады

"Биыл онкология бағытында үлкен жұмыс жүргізудеміз, қазір ТЭН аяқталуға жақын. 2013 жылдың екінші жартысында Астанадағы онкологиялық орталықтың құрылысын бастаймыз деп ойлаймын. Икімдік жер бөлді. Онкология жөніндегі бағдарлама қабылданды", - деді вице-премьер.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы 2013 жылдың екінші жартысында басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы вице-премьер Е.Орынбаев ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.

"Биыл онкология бағытында үлкен жұмыс жүргізудеміз, қазір ТЭН аяқталуға жақын. 2013 жылдың екінші жартысында Астанадағы онкологиялық орталықтың құрылысын бастаймыз деп ойлаймын. Икімдік жер бөлді. Онкология жөніндегі бағдарлама қабылданды", - деді вице-премьер.

Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2013 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 28 инсульттық орталық құрылатын болады, бұл халықтың сұранысын толығымен жабады. Бүгінгі күні мұндай 20 орталық жұмыс істеп тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны