05.01.2016, 14:12 4561

Биыл Березовка, Бестау ауылыныӊ тұрғындары көшіріледі

2016 жылы Березевка, Бестау ауылыныӊ тұрғындарын көшіру мәселесі толығымен аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылы Березевка, Бестау ауылыныӊ тұрғындарын көшіру мәселесі толығымен аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Березовка және Бестау елді мекендері туралы қысқаша ақпарат берер болсам, жалпы, 454 үйді көшіру қажет. Соныӊ ішінде 423-і - Березовка ауылында, қалғаны Бестау елді мекенінде тұрады. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі қабылдаған жоспарға сәйкес бірінші кезеӊ аяқталды. Соған сәйкес 82 отбасы Ақсай қаласында көп қабатты 128 пәтерлі екі үйге көшірілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табуда. 2016 жылы Березовка, Бестау ауылдарыныӊ тұрғындарын көшіру мәселесі толығымен аяқталады", - деді Н.Ноғаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны