01.09.2016, 15:09 4415

Биыл Қазақстанда 370 мыӊ бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Елімізде 1 қыркүйек күні 2,8 млн оқушы мектепке барады. Мәліметтер бойынша, олардыӊ 370 мыӊы - алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биыл Қазақстанда 370 мыӊ бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

Елімізде 1 қыркүйек күні 2,8 млн оқушы мектепке барады. Мәліметтер бойынша, олардыӊ 370 мыӊы - алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер.

Қазақстанныӊ барлық орта білім беру мекемелерінде Білім күні ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына және Конституция күніне орай салтанатты түрде алғашқы қоӊырау ұйымдастырылады, сондай-ақ бірыӊғай "Мен өз елімніӊ патриотымын" тақырыбында сабақ өтеді.

Жергілікті атқару органдарыныӊ мәліметіне сүйенсек, жаӊа оқу жылы қарсаӊында есігін ашқалы отырған мектептер саны - 7126. Жаӊа оқу жылына дейін 60 жаӊа мектеп пайдалануға берілу жоспарланған, ал 2016 жылдыӊ соӊына дейін 32 жаӊа мектеп берілмек.

Батыс Қазақстан облысы мектептерінде жаӊа оқу жылында 93 мыӊнан астам шәкірт білім алмақ.

БҚО білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соныӊ ішінде 11 мыӊнан астам бала 1-сынып табалдырығын аттайды. Өӊірде барлығы 385 мектеп болса, соныӊ 324-і ауылдық, 61-і қалалық жерде орын тепкен.

Облыстағы білім беру саласыныӊ бюджеті 2005 жылмен салыстырғанда, 4,9 есеге өсіп, 53,1 млрд. теӊгеге жетті.

Биылғы жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерініӊ орташа жалақысы 29 пайызға артуына байланысты еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа үлгісін енгізу үшін республикалық бюджеттен 10,9 млрд. теӊге бөлінді.

Соӊғы он жылда 16317 орындық 39 мектеп және 4380 орындық 15 балабақша салынып, іске қосылды. Биыл шетелдік инвестиция есебінен Оралда жастар мен оқушылар сарайы бой көтеруде. Ал Шыӊғырлау ауданы орталығы Шыӊғырлау ауылында Ұлттық қор қаржысына 290 орындық балабақша құрылысы аяқталып келе жатса, Зеленов ауданы Озерный ауылында жергілікті бюджет есебінен 48 орындық мектеп тұрғызылуда.

"Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 1,548 млрд. теӊгеге 10 білім нысанын (9 мектеп, 1 балабақша) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, мұныӊ 1,005 млрд. теӊгесі республикалық, 543,8 млн. теӊгесі облыстық бюджеттен қаралған. Оған қоса жергілікті бюджет қаржысына 159,7 млн. теӊгеге тағы бір мектеп, шетелдік инвестиция есебінен 527,0 млн. теӊгеге қос бірдей білім нысаны күрделі жөнделуде.

Сонымен қатар білім беру мекемелерініӊ материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі де назарда. Биыл жергілікті қазынадан мектептерді компьютерлік техникамен жарақтандыруға 259,8 млн. теӊге, робот техникасыныӊ құралдарын алуға 365,6 млн. теӊге жұмсалды.

Елбасыныӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес "Мәӊгілік ел" идеясын жүзеге асыру бағытында 1 қыркүйек, Білім күні барлық білім беру мекемелерінде алғашқы сабақ "Мен өз Отанымныӊ патриотымын" деген тақырыпта өткізілмекші.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында мектеп партасына 23 мыӊ бірінші сынып оқушысы отырады. 9314 оқушы 11 сыныпқа көшті. Жаӊа оқу маусымында оқушылар саны 6,5 мыӊ адамға артып, 181 мыӊды құрады.

Өӊірде бүгін Ұлан ауданы Таврическое ауылы, Үржар ауданы Қабанбай ауылы, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында мектептер ашылды, деп хабарлады ШҚО білім беру басқармасынан.

Щучье қаласында жаӊадан салынған мектептіӊ ашылуы салтанаттына қатысқан Ақмола облысыныӊ әкімі Сергей Кулагин бұл жақсылыққа 25 жылдығын тойлап жатқан еліміздіӊ тәуелсіздігініӊ арқасында қол жеткізілгенін айта келе, 1 қыркүйек - білім күні осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады.

"Елбасыныӊ Н.Назарбаевтыӊ мемлекеттік саясатыныӊ арқасында елімізде білім беру саласына зор көӊіл бөлінуде. Тәуелсіздіктіӊ 25 жылы ішінде облысымызда 41 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана "Балапан" бағдарламасыныӊ арқасында облыс аумағында 337 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 21 мыӊ бүлдіршін орынмен қамтамасыз етілді.

2005-2015жылдар аралығында облыстағы білім беру мекемелерініӊ 686-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 11,7 миллиард қаржы жұмсалған. Биылғы жылы жалпы құны 1,5 миллиард теӊгеге 15 білім ордасы жөндеуден өтті.

Соӊғы 10 жыл ішінде жалпы құны 3,5 миллиард теӊгеге 905 кабинет қазіргі заманғы оқу құралдарымен жабдықталды. Бүгін тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын атап өту аясында жаӊа мектепті пайдалануға беріп отырымыз. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш", - деп атап өтті облыс әкімі.

Еске сала кетейік, облыстық білім басқармасыныӊ дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде, Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мыӊ оқушы мен 26,7 мыӊ студент білім алуда. Облыста 36,7 мыӊға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда. Биылғы оқу жылы облыс бойынша барлығы 14882 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

Павлодар облысында 1 қыркүйек күні мектепке 97 мыӊнан астам оқушы келді. Оқушылардыӊ саны өткен жылмен салыстырғанда бес мыӊ балаға артқан. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 12,7 мыӊ бүлдіршін жаӊа оқу бағдарламалары бойынша бес күндік оқу аптасында білім алады. Оқушылар тегін оқулықтармен 100% қамтылған. Облыста апаттық және үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. Биыл өӊіріміздегі білім беру мекемелерінде 20 мыӊ ұстаз жұмыс істейді, олардыӊ 12 мыӊы жалпы орта білім беретін мектептерде қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны