28.04.2016, 10:32 3950

Биыл Қазақстанныӊ жұмыс күші мол аймақтарынан 1259 оралманды көшіру жоспарланып отыр

2016 жылы Үкіметтіӊ ағымдағы жылғы 18 ақпандағы "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудыӊ 2016 жылға арналған өӊірлік квотасын бекіту туралы" Қаулысын іске асыру шеӊберінде 1259 оралмандар отбасын жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіру жоспарланып

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - 2016 жылы Үкіметтіӊ ағымдағы жылғы 18 ақпандағы "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудыӊ 2016 жылға арналған өӊірлік квотасын бекіту туралы" Қаулысын іске асыру шеӊберінде 1259 оралмандар отбасын жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды орналастыру аймақтық квоталары келесі кезекте бөлінген: Павлодар облысында - 690 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында - 260 отбасы, Ақмола облысында - 123 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында - 108 отбасы, Батыс Қазақстан облысында - 29 отбасы, Атырау облысында - 28, Қостанай облысында - 21 отбасы.

Жоғарыда аталған Қаулыда жұмыс күшіне сұраныс мол аймақтарға қоныс аударғысы келетін ҚР азаматтарын көшіру де қарастырылған. Бұл бағытқа 463 қоныс аударушы отбасын қабылдау квоталары бөлінген: Павлодар облысында - 300 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында - 101 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында - 40 отбасы, Қостанай облысында - 22 отбасы.

Аймақтық квоталар тізіміне кіретін оралмандар мен қоныс аударушыларға, сондай-ақ олардыӊ отбасыларына көшу кезінде көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасу, оныӊ ішінде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

Аймақтық квотаға өтінім беру кезінде оралман куәлігі бар тарихи отанына келген этникалық қазақтар қатыса алады. Оралман мәртебесін алу және квота тізіміне енгізу мәселелері бойынша тұрғылықты мекен-жайына қарай облыстық, Астана, Алматы қалалары жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтінім білдіруге болады.

Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап ҚР ДСИДМ қолдауымен оралмандар мен қоныс аударушыларға қажетті толық ақпаратты қамтитын "Ұлы көш" ақпараттық порталы өз жұмысын бастайды.

Естеріӊізге сала кетейік, 1991-2015 жылдар аралығында 261 мыӊ 104 отбасы немесе 957 мыӊ 772 этникалық қазақтар тарихи отанына оралып, оралман мәртебесіне ие болды. Бұл жалпы халық саныныӊ 5,5%-ын құрайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны