09.04.2018, 20:32 4205

Биыл Семейдіӊ 14 көшесі орта жөндеуден өтеді

Биыл Семейдіӊ жолдарын жөндеу үшін былтырмен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлініп отыр. Жоспарға сай, 14 көшеде орта, 80 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Өскемен. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Биыл Семейдіӊ жолдарын жөндеу үшін былтырмен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлініп отыр. Жоспарға сай, 14 көшеде орта, 80 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шаһарды абаттандыру және көгалдандыру жобасымен танысқан ШҚО әкімі Даниал Ахметов бұл бағытта да осы жылы Семейге қомақты қаржы бөлінгенін айтты.

2018 жылы Семейдіӊ орталық бөлігі және Жамақаев пен Шмидт атындағы көшелерге дейінгі Ленин көшесініӊ аумағын абаттандыру жоспарланған. Сондай-ақ, қалада жағажай жасау үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. 6 көше Workout-ын қою көзделген. Бұдан бөлек, гүлзарлар, ағаштар отырғызылып, саябақтар, скверлер мен алаӊдарды көркейту ісі де жалғасын табады.

Облыс әкімініӊ тапсырмасы бойынша, "Меніӊ аулам" бағдарламасы аясында биыл 611 миллион теӊгеге көпқабатты тұрғын үйлердегі 62 аула абаттандырылады. Аулаішілік аумақтар асфальтталып, жарықтандыру, ағаш отырғызу, спорт және балалар ойын алаӊын орнату сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады.

Ағымдағы жөндеу жұмысы қаладағы 70 көшеде жүргізіледі. Жақын уақытта орта жөндеу 20 шақырымды құрайтын 14 көшеде басталады. Мичурин, Белібаев, Орманды көшелерініӊ жүргін бөлігі мен тротуарлары күрделі жөндеуден өтеді.

- Биыл Семейді абаттандыруға 2017 жылмен салыстырғанда 500 млн теӊгеге, ал жол жөндеуге 1 млрд.теӊгеге көп қаржы бөлінді. Бұл өте жақсы. Қаланы көгалдандыру ісіне ерекше көӊіл бөлу керек. Сонымен қатар, орталық саябақты жөндеу жобасын қайта қарауды тапсырамын. Заманауи стандарттарға, қазіргі күнніӊ талабына сай болуы тиіс. Қыруар қаражат бөлінуде, сондықтан жұмыс сапалы әрі уақтылы атқарылуы тиіс, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Айта кету керек, бүгінде орта жөндеуден өтетін көшелер атауы белгілі. 2017 жылы жөндеу жүргізілген аумақтарда олқылықтардыӊ орнын толтыру ісі басталып кетті.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны