13.01.2018, 21:22 4807

Биыл Шығыс Қазақстан облысыныӊ үш ауданында жаӊа мектептер салынады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында бес әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов осы нысандарды салу жоспарын талқылаған жиында атап өтті және олардыӊ әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар берді.

Өскемен. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Биыл Шығыс Қазақстан облысында бес әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов осы нысандарды салу жоспарын талқылаған жиында атап өтті және олардыӊ әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар берді.

Бүгінде Өскемендегі Ахат Куленов кентінде орналасқан ғимаратты бір ауысымда 212 адамға қызмет көрсететін емханаға айналдыру бойынша қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарыныӊ 90%-ті аяқталды. Облыс әкімі биылғы көктемде кент тұрғындары көптен күткен нысанды ашуға тапсырма берді.

Осы жылдыӊ қыркүйек айында Абай ауданында ұзындығы 25 метр болатын бес жолақты суда жүзу бассейні пайдалануға беріледі. Бұл нысан ауданда су спорты түрлерін дамыту мақсатында салынып жатыр.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда үш жаӊа оқу орны пайда болады. Олар: Аягөз ауданындағы 600 орындық орта мектеп, Үржар ауданыныӊ Мақаншы ауылындағы 320 орындық орта мектеп және Тарбағатай ауданыныӊ Ақжар ауылындағы 300 орындық интернат пен 600 орындық орта мектеп. Аймақ басшысы аталған үш білім беру нысанын жаӊа оқу жылы басталғанға дейін қолданысқа беруді бұйырды.

- Үш жаӊа мектептіӊ құрылыс жоспарын қайта қарап, бекітіӊіздер. Құрылыс жұмыстарын жаӊа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау керек, - деді Даниал Ахметов. - Сонымен қатар, Тарбағатай ауданында салынып жатқан 300 орынға арналған мектеп-интернатты балалармен толтырудыӊ жобасын жасап, маған көрсетіӊіздер. Еӊ бастысы, интернат бос тұрмауы керек.

Сонымен қатар, айта кетсек биыл алты әлеуметтік-мәдени нысанныӊ құрылысы жалғасатын болады. Олар Өскеменде салынып жатқан үш мектеп пен денсаулық сақтау саласындағы екі нысан. Атап айтсақ, гематологиялық орталықтыӊ және Өскемен қаласындағы 200 орындық қалалық балалар ауруханасыныӊ құрылысы .

Сондай-ақ Семей қаласында "Абай-Арена" мәдени-спорт кешені салынады. Оныӊ құрылысы Қарағайлы жаӊа шағын ауданында басталмақ. Құрылыс жұмыстары халықаралық стандарттарға сай салынуда және 5 мыӊ орынға есептелген. Кешен әлемдік деӊгейдегі түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны