26.05.2009, 11:02 1493

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу жеті күнге созылады - ҚР Білім және ғылым министрлігі

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу жеті күнге созылады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 4 мен 10 аралығында өткізіледі", -деді ол.

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу жеті күнге созылады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 4 мен 10 аралығында өткізіледі", -деді ол.

Сонымен бірге, министрдің хабарлауынша, өткен жылы бір ағында емтихан тапсырушылардың саны 800 адамға дейін азайтылған болатын. "Биыл ағындар саны 5-тен 7-ге дейін өсірілді, яғни, емтихан 7 күнге созылады".

Министр бұған қоса Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты 3,5 астрономиялық сағатқа дейін, немесе 210 минутқа дейін ұзартылғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны