10.07.2018, 17:57 3727

Биыл жыл соӊына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі

Атап айтсақ, жүктілікке, бала асырап алуға, мүгедектікті белгілеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер проактивті тәсілмен, яғни телефонныӊ SMS-хабарламасы арқылы рәсімделетін болады.

Астана. 10 шілде. Kazakhstan Today - Биыл жыл соӊына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі. Бұл туралы бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.

Халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен өткен "Қазақстанда "Электрондық үкімет" пен мемлекеттік қызметтердіӊ дамуы" атты дөӊгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивті қызмет көрсетудіӊ маӊыздылығын атап өтті. "ТМД елдері бойынша Қазақстан проактивті қызметтерді алғашқы болып енгізді. Былтыр біз бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті тәсілмен ұсына бастадық. Азаматтардыӊ қажеттілігін алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтін аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бүгінгі таӊда жаӊа босанған 157 мыӊға жуық әйелге SMS-ұсыныс жіберілді. Жуырда әлеуметтік мәселелер бойынша тағы да бірқатар қызметтерді проактивті нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететін боламыз", - деді ол.

Атап айтсақ, жүктілікке, бала асырап алуға, мүгедектікті белгілеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер проактивті тәсілмен, яғни телефонныӊ SMS-хабарламасы арқылы рәсімделетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді төлеу, жылжымайтын мүліктіӊ сипаттамасын өзгерту, атқарушылық іс жүргізуді қозғау жұмыстары және білім беру саласындағы қызметтер кешені де проактивті нұсқада ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттік корпорация басшысы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды. "Елімізде жаппай цифрландыру үрдісі жүріп жатқанына қарамастан, мемқызметтердіӊ 51 пайызы әлі күнге дейін қағаз жүзінде ұсынылады, оныӊ үстіне қазақстандықтар қызметтерді электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тілек танытпай отыр. Сондай-ақ бір қызметті алу үшін басқа бір қызметке жүгіну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша біздіӊ фронт-офистерге бірнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесі бойынша әлі де қарапайым және қауіпсіз механизмніӊ жоқ екендігін айту керек", - деп ой түйді Абылайхан Оспанов.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны