14.02.2008, 12:42 1445

Биылғы аязды қыс бақшалық дақылдардың жеміс беруіне кері әсер етпек - бақшашылар

Биылғы аязды қыс бақшалық дақылдардың жеміс беруіне кері әсер етпек - бақшашылар

Шымкент. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында бақшалық дақылдарға аяз зақым келтіруі мүмкін. Желдерден қорғалған ересек ағаштар аяздан зардап шекпеуі мүмкін, бірақ, ашық алаңқайлардағы өскін дақылдар үсіп кетуі ықтимал, деп пайымдайды мамандар.

Шымкенттік бақшашылар кейінгі кездері саяжайлардағы өрік, алма, қара өрік пен жүзім ағаштарының қатып қалғанын байқауда. Облыс бойынша шығынның жалпы көлемі жөніндегі ресми мәлімет жоқ, бірақ мамандардың пайымдауынша, шығын ауқымды болмақ. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 1969 жылдан кейін мұндай аяз болмаған, ол кезде бақшалардың басым бөлігі қатып қалған болатын.

Аяздардан жылыжайлар да зардап шекті. Жергілікті жерлердің хабарлауынша, Сарыағаш ауданында жылыжайларда келешек түсім үшін отырғызған екпе көшеттер үсіп кеткен. Мақтаарал ауданында жылыжай қожайындары жұмыстарды кейінге қалдырды. Осыған байланысты сауда сөрелеріне жаңа көкөніс әдеттегіден жай түспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны