12.01.2012, 10:13 3336

Биылғы қыста бір мыңнан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

"ТЖМ бөлімшелері 2011 жылы 59 мыңнан астам апаттық-құтқару шараларына шықты. Осы орайда 7 мыңға жуық адам құтқарылып, 8 мыңнан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде республиканың автожолдарындағы қар құрсауынан 2011 жылдың қарашасы мен 2012 жылдың 10 қаңтары аралығында жедел түрде 1 065 адам құтқарылып, 82 дана техника қардан шығарылды" ,- деп мәлім етті ол.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Биылғы қыста бір мыңнан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова мәлім етті.

"ТЖМ бөлімшелері 2011 жылы 59 мыңнан астам апаттық-құтқару шараларына шықты. Осы орайда 7 мыңға жуық адам құтқарылып, 8 мыңнан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде республиканың автожолдарындағы қар құрсауынан 2011 жылдың қарашасы мен 2012 жылдың 10 қаңтары аралығында жедел түрде 1 065 адам құтқарылып, 82 дана техника қардан шығарылды" ,- деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар, Л. Шапошникова азаматтарды метеорологтардың ақпаратын назардын тыс қалдырмауды, сондай-ақ көктайғақ және боранды күндері жолға шықпауды ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны