28.12.2006, 09:59 3569

Биылғы жылдың оқиғаларына шолу

Биылғы жылдың оқиғаларына шолу

18-19 қаңтар. Жаңа үкімет құрамы жасақталды. Қазақстанның жаңа премьер министрі болып қайтадан Даниал Ахметов сайланды. Президенттің саяси мәселелер бойынша бұрынғы көмекшісі Ермұханбет Ертісбаев мәдениет, ақпарат және спорт министрінің қызметіне /кейіннен мәдениет және ақпарат министрі/ кірісті.

20 қаңтар. Қазақстан парламенті өзінің 10 жылдығын тойлады.

АҚПАН

Алматы маңында Қазақстандағы белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісі- жүргізіші Василий Журавлев пен күзетшісі Бауыржан Байбосыновтардың оқ тиген денелері табылды. Оларды ұрлап әкетіп атып өлтірген деген күдікпен он адам, олардың арасында ҰҚҚ "Арыстан" арнайы қызметінің алты қызметкері тұтқындалды. Сот процессі Алматы облыстық сотта маусымның 14 мен тамыздың 31 аралығында жүргізілді. Сот тапсырыс беруші деп бұрынғы парламент сенатының аппаратына жетекшілік еткен Ержан Өтембаевті танып, оны 20 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Ақпанның аяғында Алматы әкімшілігінің қаулысымен оқушылар сарайы ғимараты мен оның маңындағы жерлер мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алыды. Оқушылар сарайының орнында қонақүй салынбақшы. Икімшіліктің шешіміне қоғам қарсылық білдірді. Ийтседе, 1992 жылы Алматы қалалық жас таланттар сарайы деп ауыстырылған оқушылар сарайы бұзылуға белгіленді. Ондаған балалар үйірмелер мен секцияларға бара алмайтын болды.

МАМЫР

30 мамыр. Астанадағы бірқатар министрліктердің, олардың қатарында мәдениет және ақпарат, көлік және коммуникациялар министрлігінің, индустрия және сауда министрлігінің, ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңселері орналасқан жаңа әкімшілік ғимаратта өрт шықты. Тілсіз жау 1200 шаршы метрлік сыртқы аумақ пен ғимараттың ішіндегі Транспорт Тауэр ғимаратының 600 шаршы метріне тез тарап үлгерді.

МАУСЫМ

5 маусым. Алматыда бизнес орталықтың ғимаратында өрт шықты. Онда "Литер" және "Айқын" газеттерінің кеңселері болған. "Алюкобондпен" қапталған ғимарат түгелдей дерлік жанып кетті. Адамдар зардап шекпеді.

18 маусым.

Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақстандық "KazSat" байланыс жер серігі мен "Протон-К" зымыран тасығышы ғарышқа ұшырылды. Осыдан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламалары жүзеге асырыла басталды. Отандық тұңғыш байланыс серігін ұшыруды тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысты.

Биыл журналистер мен Алматының қоғам қайраткерлерінің арқасында Бутаковка шатқалында жүріп жатқан құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 30 маусымда Кіші Алматы өзенінің жағалауды нығайту жұмыстарының жағдайын кезектен тыс тексеріп өтті. Тексеруден кейін "Тау Құрылыс" ЖШС 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігің су ресурстары жөніндегі комитеті Түрген шатқалыныдағы Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының аумағында заңсыз салынған ғимаратты бұзу туралы талап қойды.

ШІЛДЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетіне шалдыққан балалар анықталды. Оны жұқтыруға облыстың медициналық мекемелерінде санитарлық нормалардың өрескел бұзылуы себеп болған. Жыл аяғына қарай мұндай балалардың саны 84-ке жетті. Ал вирус жұқтырған балалардың 12 анасынан да індет анықталған. Осыған орай 21 адамның үстінен, олардың арасында Шымкенттегі денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы жетекшілері, бірқатар денсаулық сақтау мекемелерінің жетекшілерінің үстінен 28 қылмыстық іс қозғалды. Негізгі қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары қарашаның 30-ында аяқталды. Дегенмен балаларға вирустың кімнен жұққаны табылмады.

5 шілде. Қазақстан ппрезиденті "Бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелері жөніндегі заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" үкіметтік заңға қол қойды. Ермұхамет Ертісбаевтің жетекшілігімен мәдениет және ақпарат министрлігі дайындаған заңға БАҚ-тар қарсылық білдірді.

14 шілде. Алматыда құқық қорғау қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері үйлерін бұзбақ болған Шаңырақ ықшамауданы тұрғындары арасында қақтығыс болды. Оқиға кезінде Бостандық ІІБ тергеушісі Исет Байымбетовтың үстіне жанармай құйып, жағып жібереді. Полицей қаза болды. Мамырдың 31-інде жергілікті билік Бақай ықшам ауданында бірнеше тұрғын үйді құлатқан болатын.

ТАМЫЗ

16 тамыз. "Баян ауыл" базарының аумағында автобазар жұмысшылары мен атқарушы билік өкілдері арасында кикілжің шығады. Алматы сотының әкімшілігі бекіткен қаулы бойынша, автобазардың қызметі күштеп тоқтатылды. Ал тамыздың 16-ында базардың аумағына Иуезов ауданы әкімі мен аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бастауымен жүк автотехникасы келіп кіреді. Техниканың көмегімен бірнеше темір бетонды қоршау бұзылып, жеке кәсіпкерлердің контейнерлері тиеле басталды. Базардың директоры Абай Қорғанбеков бұған қарсылық көрсетпек болғанымен, әкімнің қасындағы жас жігіттер кәсіпкерді соққыға жықты.

ҚЫРКҮЙЕК

20 қыркүйек. Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Темиртау" ЖШС меншігіндегі Ленин атындағы шахтада метан жарылып, 41 адам қаза тапты. Оқиғаны тексерген арнайы коммисия қауіпсіздік техникасының өрескел бұзылуы қайғылы оқиғаға әкеп соққанын анықтады.

25 қыркүйек. Ленин атындағы шахта жұмысшылары жалақыларын көтеру және еңбек жағдайын жақсарту туралы талап етіп наразылық шара ұйымдастырды. Қыркүйектің 29-на таман наразылық шара "Миттал Стил Темиртау" АҚ көмір департаментіне тиесілі сегіз көмір шахтасына таралады.

ҚАЗАН

3 қазан. Шығыс Қазақстан облысы Беген орман шаруашылығында өрт шығып, 88 тұрғын үй толығымен, 6 үй жартылай жанып кетеді. 345 адам баспанасыз қалып, 4 адам қаза болған.

Қазан айының соңында "Казаэронавигация" Алматы әуежайын аэронавигациялық қондырғылармен қамтамасыз ету жөнінде байқау жариялайды. Алайда түсініксіз жағдайдың салдарынан тиімсіз ұсыныс жасаған компания жеңіске жетеді. Байқауға үш компания қатысады. Солардың бірі "Park Air Systems" тапсырыс қағазында 2,919 млн. Евроны көрсетіп тапсырысты жарты жылда бітіреміз деп көрсеткенімен, жұмысына 4,485 млн евро жұмсап 2007 жылдың 1-ші қазанында аяқтаймыз деген "BAN 2000 GmbH" компаниясы жеңіске жетеді.

ҚАРАША. 3 қараша. Лиссабонда (Португалия) "MTV Europe Music Awards" сыйлығын беру салтанатында ағылшын күлдіргіші Саша Барон Коэн ойдан шығарылған қазақстандық тележурналист Борат Соғдиевтің бейнесінде Қазақстан мен оның саяси басшылығын жағымсыз жақтан көрсетіп келемеждейді. Бұл жайтқа алдымен ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілдері наразы болды. Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшісі Ерлан Ыдырысов Коэнның сахналық бейнесін "адам бейнесіндегі шошқа" деп қатты сөкті. Кейіннен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонға іссапары барысында журналистермен әңмелесе отырып, британдық күлдіргіштің әрекетіне әзілмен қарауға шақырды.

10 қараша. Қазақстан үкіметі Алматының бас ботаникалық саябағын республикалық деңгейде қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына енгізу туралы қаулы қабылдады. Бұл саябаққа деген қамқорлықты арттырып, оған бөлінетін қаржыны көбейтуі мүмкін. Бұған дейін әкімшілік көшелерді ботаникалық саябақ аумағы арқылы ұзарту туралы жоспар құрған болатын.

Сонымен қатар осы жыл Алматыда ағаштарды жаппай кесу оқиғаларымен есте қалмақ. "Қаланың өкпесі" болып тұрған ағаштарды кесу кең көлемді құрылыс үшін қажет болды деп жауап береді басшылық.

13 қараша. Қауіпсіздік комитетінің мәжілісі. Президент оң тізгінді автокөліктерді елге келтірмеу және қолданыстан шығару, сонымен қатар республикадағы ойын бизнесінің қызметін реттеу туралы тапсырма берді. Қауіпсіздік кеңесінің осыған дейінгі 20 қыркүйектегі мәжілісінде мемлекеттік активтерді басқару сапасы туралы мәселе көтерілген. Елбасы Ұлттық компаниялардың менеджерлерінің "аспандаған" жалақыларына ашуланып, шеттен шыққандардың барлығына ақшаларды мемлекетке қайтаруды талап етті. Ал бұйрықты орындамағандардың тізімін жергілікті мерзімді баспасөз беттеріне жариялайтындығын айтты. Қауіпсіздік кеңесінің сол мәжілісінде облыс балаларының ВИЧ вирусын жаппай жұқтыруына жол бергені үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Болат Жылқышиев, денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев "жұмысындағы өрескел кемшіліктері үшін" қызметтерінен босатылды.

15 қараша Қазақстанда ескі үлгідегі ұлттық валюта жаңа дизайндағы ақшалармен өзгертіле бастады. Шамамен 80 пайызында қазақ тілінде қате жіберілген банкноттар айналымға шықты. Ұлттық банк грамматикалық қатеге компьютердің ақаулығы себеп болды деп жауап берді. Бұл дерекке орай мәжілістің бірқатар депутаттары наразылық танытты. Алайда Ұлттық банк басшылығы айналымға енген қате банкноттар бірінші жылдың көлемінде қайтарылатынын айтты.

21 қараша. Алматы облысында "Общество сознания Кришны" ұйымының 14 үй құрылысы бұзылды. Қарасай ауданының билік өкілдері кришнаиттерді жер телімдерін өзге мақсатты пайдаланды деп айып тақты. Үйлердің құлатылғаны туралы ақпарат халықаралық қауымдастықтың наразылығын туындатты.

ЖЕЛТОҚСАН

5 желтоқсан.

Брюссельде өткен сыртқы істер министрлері мәжілісінде Қазақстанның ЕҚЫҰ 2009 жылы төрағалық жасау туралы сұранымы қаралды. Қазақстандық дипломатияның шеберлігі арқасында бұл мәселе 2007 жылы Мадридте өтетін ЕҚЫҰ СІМ Кеңесінің кезекті мәжілісінде қарастырылатын болды.

21 желтоқсан. 67 жасқа қарағанда Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязов жүрек ауруынан қайтыс болды. Ол елді жиырма жылдан астам уақыт басқарып келген. Жаңа президент сайлауы 11 ақпанға белгіленді. Бұл елдің жоғарғы билік орнынан 10-нан астам адам үміткер. Олардың қатарында қазір Түркменстан президенті қызметін атқарушы Гурбангулы Бердімұхамметов та бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны