05.10.2015, 19:51 3652

Биылғы жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасын жүзеге асыруға Атырау облысында 1,2 млрд.теӊге бөлінді

жылы "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" (әрі қарай - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасыныӊ аясындағы шараларды жүзеге асыру үшін Атырау облысында 1 млрд. 227 млн теӊге қарастырылды

Астана. 06 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылы "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" (әрі қарай - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасыныӊ аясындағы шараларды жүзеге асыру үшін Атырау облысында 1 млрд. 227 млн теӊге қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) 437,9 млн. теӊгеге әлеуметтік инфрақұрылым саласында 20 нысан салынып, 199 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаныӊ екінші бағыты бойынша (тірек ауылдары мен кәсіпкерлікті дамыту негізінде жұмыс орындарын ашу) 203 атыраулық азамат жалпы сомасы 500,7 млн. теӊгені құрайтын микронесие, оныӊ ішінде 96 адам 237,4 млн. теӊге көлемінде қайтарылған қаржы есебінен қайта микронесие алды.

Бағдарламаныӊ үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында (жұмыс берушініӊ сұранысы шеӊберінде оқыту мен қоныс аудару есебінен жұмыспен қамту) 289 млн-ға жуық теӊге қарастырылды.

Сонымен, ағымдағы жылы 572 адам жастар практикасыныӊ аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрса, 455 облыс тұрғыны кәсіби білім алып, 28 азамат қайта даярлау курстарына жіберілді.

Естеріӊізге сала кетейік, республикада ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыруға 37,3 млрд. теӊге (2014 ж. - 94,3 млрд. теӊге, 2013 ж. - 102,9 млрд. теӊге, 2012 ж. - 57,6 млрд. теӊге) қарастырылған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны