10.07.2020, 21:33 7715

Білікті пульмонологтар пневмонияның алдын алу мен емдеуге қатысты бірқатар кеңес берді

Білікті пульмонологтар пневмонияның алдын алу мен емдеуге қатысты бірқатар кеңес берді

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Білікті пульмонологтар пневмонияның алдын алу мен емдеуге қатысты бірқатар кеңес берді.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы білікті пульмонологтар пневмонияның алдын алу және ауруды емдеуге қатысты бірқатар ұсыныс жасады.

Жоғары санатты пульмонолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Астана медицина университетінің Отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Наталья Латыпованың айтуынша, төменгі тыныс жолдарының коронавирусқа шалдығуы мен бактериялық пневмонияның айтарлықтай айырмашылығы бар. Маманның пікірінше, өкпені зақымдайтын коронавирусты тұмау мен қызылша сияқты инфекциялармен салыстыруға болмайды.

"Қазір бүкіл әлемде коронавирус пневмониясы деген терминді жою туралы ұсыныс қарастырылуда және бактериялық пневмония мен коронавирус пневмониясының айырмашылықтарына екпін жасау үшін төменгі тыныс жолдарының вирустық зақымдануы, коронавирус пневмониясы сияқты атаулардың нұсқаларын ұсынады", - деп хабарлады дәрігер.

Пневмония өршіп кетпеу үшін жөтел, ентігу, жайсыздық, тыныс алудың қиындауы және кеуденің ауруы сияқты симптомдарды қадағалау керек. Бұл ретте, әдетте, пневмонияның, ЖРВИ белгілері байқалса бесінші-жетінші күннен ерте пайда болмайды.

"Егер 7 күнде бұл симптомдар өршімесе және температура көтерілмесе, менің ойымша, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл антибиотик қабылдауға және компьютерлік томографияға түсуге себеп емес. Егер осы симптомдар пайда болғаннан кейін 2-3 күн бойы екінші рет дене қызуы байқалса, өкпе қатты зақымдануы мүмкін және зерттеу мен емдеу тактикасын ауыстыруды, терапияны күшейтуді талап етеді", - деді Наталья Латыпова.

Емдеу үрдістердің динамикасы мен кезеңділігіне талдау жасау арқылы таңдалады. Осылайша, бастапқы кезеңде ағза өз иммундық күштерімен күрескен кезде, сыни жағдайларды қоспағанда, антибиотиктер мен гормондарды тағайындау қажет емес. Сарапшы антибиотиктерді тағайындау ерекше жағдайларда, қабынудың вирустық емес, бактериялық екеніне сенімді болған кезде нәтиже беретінін айтты. Жалпы, бастапқы кезеңде ұсыныстар қарапайым: жоғары температураны төмендетуге және дененің сырқырауын жеңілдетуге мүмкіндік беретін қабынуға қарсы құралдарды пайдалану, көп сұйықтық ішу. Кейбір жағдайларда дәрігер қанды сұйылтатын препарат тағайындай алады.

Екінші кезеңде, шамамен жетінші-оныншы күн, процестің динамикасын бағалау маңызды. Егер сатурацияның төмендеп, демікпе асқынса, онда бұл дәрігерге шұғыл қаралу кеерк немесе жедел жәрдем шақыру қажет деген сөз. Содан кейін антикоагулянттар тағайындалуы мүмкін, қабынуға қарсы терапия күшейтіледі, ал қайталама бактериялық инфекцияның белгілері немесе зертханалық көрсеткіштері пайда болған жағдайда - антибиотиктер тағайындалады.

"Ерекше қауіп тобына жүректің ишемиялық ауруы, диабет, артериялық гипертензия, бүйрек аурулары, семіздік және т.б. сияқты патологиясы бар 65 жастан асқан адамдар кіреді. Бақытымызға орай, мұндай пациенттердің қатары пайызы", - деп атап өтті маман.

Көптеген науқастарда ауру екі аптаға созылады.

"Осыдан кейін қалпына келтіру кезеңінде әлсіздік, шаршау, жеңіл жөтелу, тыныс алудың кейбір шектеулері сақталуы мүмкін, бірақ ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Өйткені біз аурудың қанша уақытқа жалғасатынын білмейміз. Уақыт көрсетеді. Басқа вирустық инфекцияларға қарағанда ұзақ мерзімге созылуы мүмкін", - деді спикер.

Бұл кезеңде тыныс алу гимнастикасын қосу, таза ауада жаяу жүру ұсынылады.

Алдын алу шараларына келер болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы зерттеулеріне сәйкес, вирус ауада қалады, аэрозольдық жолмен берілуі мүмкін.

"Біз қазір көшеде көптеген адамның маскасыз жүретінін көріп отырмыз. Адамдар көп жиналатын орындарға, дүкендерге кіргенде ғана маска киіңіз. Сондықтан біз осы мәліметтерді ескере отырып, маскаларды тек адам жиналған жерлерде ғана емес, көшеде де кию керектігін еске саламыз", - деп түсіндірді медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жедел медициналық жәрдем, Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова.

Маска кию пневмонияның өршуіне себеп болуы мүмкін бе деген сұраққа, сарапшылар мүмкін емес деп жауап берді. Ал маскалардың жарамдылық мерзімі бар екенін және оларды белгілі бір уақытта ауыстыру қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны