18.03.2015, 20:02 3753

Біліктілік санатын көтеруден үміткер дәрігерлер жедел медициналық жәрдем көрсетуде білімі мен машығын дәлелдеуі тиіс

Бірінші және екінші санатты иелену үшін анафилактикалық есеӊгіреу кезінде жедел жәрдем көрсетудегі машығын көрсету керек болады. Өткір жүрек қан тамыры синдромы кезінде көмек көрсету, жүрек кенет тоқтап қалған кезде көмек көрсету, базалық жүрек - өкпе жан сақтау шаралары, жоғары тыныс алу жолдарына (коникотомия) бөтен зат тұрып қалған кезде көмек көрсету.

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылы жоғары, бірінші және екінші дәрежедегі біліктілік санатын алудан үміткер қазақстандық дәрігерлер тәжірибелік машығын және білімін бағалау барысында жедел медициналық көмек көрсетудегі машығын паш етуі тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші және екінші санатты иелену үшін анафилактикалық есеӊгіреу кезінде жедел жәрдем көрсетудегі машығын көрсету керек болады. Өткір жүрек қан тамыры синдромы кезінде көмек көрсету, жүрек кенет тоқтап қалған кезде көмек көрсету, базалық жүрек - өкпе жан сақтау шаралары, жоғары тыныс алу жолдарына (коникотомия) бөтен зат тұрып қалған кезде көмек көрсету.

Терапевт, хирург, акушер-гинеколог, стоматолог және өзге бейінді дәрігерлерге жоғары санат алу үшін: клиникалық тапсырманы (клиникалық жағдай) қолдана отырып, зертханалық және аспаптық көрсеткіштерді (рентген-сурет, ЭКГ, УДЗ, зертханалық сараптамалар) талдау.

Өткір жүрек қан тамыры синдромы кезінде көмек көрсету арнайы оқытылған және берілген тапсырмаға сәйкес клиникалық жағдайды көрсететін "стандартты пациенттіӊ" қатысуымен өткізіледі.

Еске сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы менеджерлер мен денсаулық сақтау ұйымдастырушыларынан өзге дәрігерлер үшін білімі мен тәжірибелік машығын бағалау шарасын енгізу жұмыстарын жалғастырады.

2014 жылдыӊ екінші жарты жылдығында өткізілген бағалау нәтижелері бойынша біліктілік санатын көрсетуге үміткер дәрігерлер үшін емтихан материалдары қайта қаралып, жетілдірілді.

Жоғары, бірінші және екінші санаттан үміткерді бағалау тәуелсіз сарапшылар, жоғары санатты, ғылыми атағы бар, арнайы оқудан өткен дәрігерлердіӊ қатысуымен өткізілді.

Өткен жылдыӊ 4 тоқсанында 2079 дәрігер бағалаудан өтіп, олардыӊ 1653-і (79%) емтиханды сәтті тапсырды. 2015 жылғы 1 тоқсанда сынақтан өткен 1916 дәрігердіӊ 1423-і (74%) емтиханнан сүрінбей өтті.

Дәрігерлердіӊ тәжірибелік машығын бағалау республика халқына көрсетілетін медициналық көмектіӊ сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны