18.06.2012, 13:59 3057

Білім беруге салынатын инвестиция Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырады

Джонс Хопкинс университеті таланатты жастарға арналған Орталық кеңесінің мүшесі Мин Джек По Pm.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы орта білімді дамытудың болашағы туралы өзінің сараптамалық пікірін ортаға салды.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Джонс Хопкинс университеті таланатты жастарға арналған Орталық кеңесінің мүшесі Мин Джек По Pm.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы орта білімді дамытудың болашағы туралы өзінің сараптамалық пікірін ортаға салды.

"Білім беруге салынатын инвестиция адам капиталы тұрғысынан Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады, ал 10 жылдан кейін оның нәтижесі экономикаға да оң ықпалын тигізеді", - деді Мин Джек По.

Қазіргі таңда елімізде нақты ғылымдар, математика салалары бойынша жақсы білім беруге ерекше назар бөлініп отыр. 2008 жылы Қазақстан алғаш рет халықаралық білім беру жүйесін бағалайтын PISA (Programme for International Student Assessment) жобасына қатысты, бұл республикамыздың ғылыми-білім беру саласында жоғары ұстанымдарға ие екенін көрсетті.

"Математика және жаратылыстану ғылымдарының дамуы үлкен маңызға ие. Егер осы салалардағы білім жақсарса, оқушылар мен ұстаздардың нәтижеге қол жеткізгенін көруге болады", - деді Джонс Хопкинс университетінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны