13.06.2011, 11:02 3585

Білім министрі балалар суицидімен ҰБТ байланыстыруға болмайтындығын мәлім етті

Қазақстандағы тiкелей болған балалар суицидтерін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындыларымен байланыстыруға болмайды. Бұл туралы бүгін үкiметтің селекторлық мәжiлiсі барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлiмдедi.

Астана. 13 - маусым. Kazakhstan Today - Білім министрі балалар суицидімен ҰБТ байланыстыруға болмайтындығын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы тiкелей болған балалар суицидтерін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындыларымен байланыстыруға болмайды. Бұл туралы бүгін үкiметтің селекторлық мәжiлiсі барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлiмдедi.

"Еш уақытта суицидтерді ҰБТ өткізумен байланыстыруға болмайды. Жалпы әлемдегі суицидтердің 50 %-ы ештеңемен расталмайды, тіпті бұл нәрсе әл-ауқаты жоғары елдер де кездеседі. Ол бiздiң балаларларымыздың психо-эмоциялық жағдайымен, қиын жағдайлардың шешімін таба білмеуімен байланысты. Бұл кешенді мәселе, ертең... тағы көтереміз. ҰБТ қорытындысы бойынша суицидтерге қатысты айтар болсақ, мұндай байланыс тек бір ғана жағдайда, Семейдегі трагедиямен байланысты болуы мүмкін. Алайда ол бала үнемі 70 балға тапсыратын болған, жыл бойы 5-10 тестілеуден өтті, ал жинағаны ... 67 балл. Құқық қорғау органдары мәселені қарастыра жатар, алайда бұл мәселенің ҰБТ-мен байланысы болуы екіталай. Тікелей суицидтерді ҰБТ-мен байланыстыруға болмайды, дегенмен қоғамда бұл есепте спекуляция бар", - деді министр Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны