11.07.2011, 11:25 4257

Білім министрі машина жасау саласы үшін кадрлер даярлау орталығын іске қосуды тездетуді тапсырды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Б. Жұмағұлов машина жасау саласының мамандарын даярлау орталығы құрылысының барысымен танысқан. "Ол Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды мемлекет басшысы басты назарда ұстап отырғанын атап өтті.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Шығыс Қазақстан облысына жұма күні жасаған жұмыс сапары барысында машина жасау саласының мамандарын даярлау орталығын іске қосуды тездетуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Б. Жұмағұлов машина жасау саласының мамандарын даярлау орталығы құрылысының барысымен танысқан. "Ол Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды мемлекет басшысы басты назарда ұстап отырғанын атап өтті. Және мұндай орталық бұл өңір мен республиканың жақын облыстарына аса қажет. Сондықтан, осы орталықты қатарға қосуды жылдамдатып, оның қызметін машина жасау саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағыттауымыз керек", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны