29.06.2007, 13:09 3299

Білім министрінің пайымдауынша, қазақстандық ұстаздар қызметке кіріспес бұрын ант беруге тиіс

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың пайымдауынша, қазақстандық ұстаздар қызметке кіріспес бұрын ант беруге тиіс.

"Мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер мен судьялардың бәрі де мемлекет басшысының алдында ант береді", - деді министр жаңашыл ұстаздардың республикалық форумы барысында журналистерге берген сұхбатында. "Олай болса, мұғалімдер мен ұстаздар да ант беруге тиіс. Өйткені олар күн сайын жүздеген балалармен жүздесіп, оларға тәлім-тәрбие мен білім береді", - деді ол. "Меніңше, бұл табиғи құбылыс", - деді Ж. Түймебаев.

Форумға қатысушылар республиканың білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арнап мәлімдеме қабылдады. Атап айтсақ, олар өз әріптестерін білім беру процессіне инновациялық оқыту технологияларын жасап енгізуге шақырды. "Қоғам жаппай жаҺандануға бет түзеген қазіргі жағдайда білім беру ұйымдарының іс-қызметіне, білім беру жүйесі мен қоғамның ықпалдастығы құрылымына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың бір басымдық берген бағыты", - делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны