10.06.2008, 19:07 2969

Білім министрлігі 2010 жылы 12 жылдық білім беруге көшуді жоспарлауда - Түймебаев

Білім министрлігі 2010 жылы 12 жылдық білім беруге көшуді жоспарлауда - Түймебаев

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрлігі 2010 жылы 12 жылдық білім беруге көшуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін сенат депутаттарымен кездесу барысында ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз 2010 жылы көшуді жоспарлап отырмыз", - деді Ж. Түймебаев.

"Осы мерзімде тек материалдық -техникалық тұрғыдан дайындалып қана қоймай, сонымен бірге жаңа стандарттар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды да дайындап үлгереміз. Бұл аса ауқымды мемлекеттік шаруа", -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны