01.02.2013, 09:01 3312

Білім министрлігі елдің жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бір ай мерзім берді

"Мен Білім және ғылым министріне бір айдың ішінде еліміздің жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бұл тұрғыдағы мақсат-міндетті Мемлекет басшысы жүктеп отыр",-деп атап өтті Премьер-Министр.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Премьер-Министр Серік Ахметов бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында ведомствоға жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды 1 ай мерзімнің ішінде әзірлеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен Білім және ғылым министріне бір айдың ішінде еліміздің жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бұл тұрғыдағы мақсат-міндетті Мемлекет басшысы жүктеп отыр",-деп атап өтті Премьер-Министр.

Үкімет басшысы жоғары білім саласындағы сапа бойынша министрлік тиісті қадамдар жасауы керектігін айта келе, тәуелсіз күшті аккредитация немесе тиісті лицензиялау шаралары өткізілуі керектігін жеткізді.

Үкімет басшысы сондай-ақ, жоғары білім саласында мамандықтарды нарықтағы сұранысқа қарай негіздеу керектігін айтты.

"Жекеменшік жоғары оқу орындары бізге әрине керек. Алайда, олар сапалы білім беруі шарт",-деп тапсырды С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны