12.04.2007, 09:50 1486

Білім министрлігі Норвегияның кәсіби дайындық және оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 12 сәуір. Kazakhstan Today. ҚР білім және ғылым министрлігі Норвегияның дайындық және оқу орталығымен техникалық және кәсіби білімді дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

Қазақстан жағынан құжатқа білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, ал Норвегия жағынан орталықтың басқарушысы Уле Имсланд қол қойды.

"Бұл меморандум біздің кәсіби және техникалық білім беру саламызға жаңа леп береді",-деді құжатқа қол қоюдан кейін Ж.Түймебаев. "Құжаттың арқасында біз тәжірибемізбен алмасып, қарым-қатынастарымызды әрі қарай дамыта аламыз, сондай-ақ Қазақстан мен Норвегияда кәсіби деңгейді көтеретін дәрістер ұйымдастыра аламыз",-деп санайды министр. Оның айтуынша, меморандумға сәйкес Норвегия мен Қазақстан ынтымақтастығының басты мақсаты-республикада жоғары кәсіби техникалық мамандарды дайындау, әрі қайта дайындықтан өткізу.

Өз кезегінде У.Имсланд мырза орталықтың мамандар дайындау ісінде қолдау көрсетуге әзірлігін айтты. Бұл алдымен Қазақстанның түрлі аймақтарында жүргізілмек. "Норвегияның Қазақстанда жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлері жергілікті мамандарды кәсіби дайындықтан өткізу қажеттігі туралы хабар беруде",-деді орталықтың басқарма директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны