20.11.2012, 10:53 1972

Білім министрлігі жастар арасында экстремизмнің алдын алу жұмыстарын күшейтуді қолға алмақ

Тәрбие жұмысын күшейту мәселесіне тоқталған министр, бұл бағытта Оқыту үдерісінің тәрбиелік компонентін күшейту бойынша үлгілік кешенді жоспар қабылданғанын, ол 2013 жылдан бастап іске асырылатынын атады.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - Білім министрлігі жастар арасында экстремизмнің алдын алу жұмыстарын күшейтуді қолға алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Тәрбие жұмысын күшейту мәселесіне тоқталған министр, бұл бағытта Оқыту үдерісінің тәрбиелік компонентін күшейту бойынша үлгілік кешенді жоспар қабылданғанын, ол 2013 жылдан бастап іске асырылатынын атады.

Сонымен қатар ведомство басшысы Үкімет Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдағанын еске салды.

"Біз жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуға барынша назар аударамыз. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары үшін Дін істері агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысуымен тұрақты кеңестер өткіземіз. Аталған жұмыстар бұдан әрі күшейтілетін болады",-деді Б. Жұмағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде жастар ұйымдарының саны өсуде. Олардың құрылымы мен шоғырлануы өзекті болып отыр. Бұл үдерісте "Жас Отан", 10 ірі республикалық жастар ұйымы және "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы маңызды орын алады. "Жастар ұйымдарын шоғырландыру - жаңадан құрылған Жастар ісі комитетінің басты міндеттерінің бірі",-деп түйді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны