26.11.2019, 13:11 14200

Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМКК директоры пара алғаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМКК директоры пара алғаны үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМКК директоры Р.С.Әлімқұловқа қатысты пара алды деген деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн.теңге сомасында пара алды деп күдіктелген.

2019 жылдың 22 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны