25.04.2012, 14:51 3396

Білім және ғылым министрі Еуропалық жоғары білім кеңістігі министрлерінің конференциясына қатысады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Румынияға, Бухарест қаласына сапар жасайды. Бүгін Б.Жұмағұлов Румынияның Білім, зерттеулер, жастар және спорт министрімен кездеседі.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Білім және ғылым министрі Еуропалық жоғары білім кеңістігі министрлерінің конференциясына қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Румынияға, Бухарест қаласына сапар жасайды. Бүгін Б.Жұмағұлов Румынияның Білім, зерттеулер, жастар және спорт министрімен кездеседі.

Ал ертең Қазақстан министрі Жоғары білімнің Еуропалық жоғары білім кеңістігі министрлерінің конференциясына қатысады. Ал 27 сәуірде Б.Жұмағұлов "Болон процесінен тыс: жоғары білімнің ұлттық өңірлік және жаһандық кеңістіктерін құру және оларды біріктіру" деген тақырыпқа арналған Болон саясаты форумында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасында Болон декларациясының қағидаларын іске асыру және басқа да бірқатар мәселелер бойынша баяндама жасайды.

Форум қорытындысы бойынша Еуропалық жоғары білім кеңістігі министрлерінің коммюникесін және Болон саясаты форумының келісімін қабылдау жоспарлануда.

Форум аясында сондай-ақ Б.Жұмағұловтың Финляндия, Ирландия, Германия, ШВейцария білім ведомстволары басшыларымен кездесулері жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны