16.03.2012, 15:42 3938

Білім және ғылым министрі СҚО студенттерімен "Дипломмен ауылға" бағдарламасын талқылады

Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының аясында Есіл ауданының Покровка селосындағы агротехникалық институтта болып қайтты.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Білім және ғылым министрі СҚО студенттерімен "Дипломмен ауылға" бағдарламасын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының аясында Есіл ауданының Покровка селосындағы агротехникалық институтта болып қайтты.

Бұл жоғары оқу орны 9 мамандық бойынша, оның ішінде агрономия, ветеринария, агроинженерия бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайды.

Онда министр студенттермен және жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін ауылға келіп еңбек етіп жатқан жас мамандармен кездесті. Кездесу барысында "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланды.

"Бұл маңызды жоба ел Президенті Н.И.Назарбаевтың бастамашылығымен жүзеге асырылуда. Ауылдың гүлденуі - мемлекеттің гүлденуі. Жалынды жастарсыз ауылды көтеру мүмкін емес. Сондықтан да мемлекет жас мамандарды ауылға тартып, оларға жағдай жасауға қолдау көрсетуде", - деді Б.Жұмағұлов.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, мемлекет жыл сайын 35 мыңдай білім грантын бөледі және оның 30 пайызы - ауылдық квота бойынша бөлінетін гранттар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны