19.03.2013, 12:31 3580

Білім және ғылым министрлігі "e-learning" жүйесін енгізуді үдетуді ұсынды

"Илемдік трендтерден қалып қоймау үшін электронды оқытуды жылдам игеруді қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты Сізден "e-learning" жобасының үдемелі енгізуді 2020 жылы емес, 2016 жылы аяқтау мүмкіндігін қарауды өтінемін", - деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Білім және ғылым министрлігі "e-learning" жүйесін енгізуді үдетуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Илемдік трендтерден қалып қоймау үшін электронды оқытуды жылдам игеруді қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты Сізден "e-learning" жобасының үдемелі енгізуді 2020 жылы емес, 2016 жылы аяқтау мүмкіндігін қарауды өтінемін", - деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, ол мұндай жылдамдатылған жүзеге асырудың параметрлері есептеліп қойылғанын атап өтті.

"Бұл қысқа мерзімде оқу процесін және электрондық мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді. Аталған технологияларда дүниежүзілік деңгейге шығуға көмектеседі",- деді министр.

Білім және ғылым министрі атап өткендей, жобаны енгізуді жылдамдату шеңберінде Smart education-ды іске асыру үшін Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісі құрылады,бұл барлық оқу орындары мен педагогтардың қазіргі заманғы стандарттар мен технологиялар арқылы Интернет желісіндегі бірлескен қызметін қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні электронды оқыту жобасымен 581 ұйым қамтылған. Мемлекеттік білім бағдарламасына сәйкес 2015 жылы осы жобаға білім беру ұйымдарының 50%-ын, 2020 жылы 90%-ынан астамын қосу қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны