18.05.2006, 18:06 2876

Білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап бірыңғай ұлттық тестілеу пәндерінің санын көбейтпекші

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап бірыңғай ұлттық тестілеу сынағына қамтылған пәндердің санын көбейтпекші. Бұл туралы бүгін Астанада өткен бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындыққа арналған кеңесте ҚР білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетінің төрағасы Болатбек Ибдірасылов хабарлады.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап пәндердің саны 6-ға жетеді. Үш пән міндетті, үш пән – оқушының таңдауына сәйкес іріктеледі. “Бұл талапкерлердің жоғары оқу орындарына қазіргіден біршама көп мамандықтар бойынша бақ сынап көру мүмкіндігін арттырады”,- деді ол.

Оның айтуынша, сонымен бірге, пәндер санын көбейтуге қазіргі оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеу сынағына дайындық барысында тестілеуге қамтылатын 4 пәнге ғана баса назар аударатыны да себеп болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны