30.07.2012, 11:17 3492

Білім және ғылым министрлігі жанынан жастар ісі жөніндегі комитет құрылды

Комитеттің негізгі қызметі жастар саясаты әдістемелігін дайындау, жоспарлау және үйлестіру, нормативтік қамсыздандыру, мемлекеттік органдар қызметіне мониторинг жүргізу және бағалау, жалпы осы салада бақылау жүргізу болып табылады.

Астана. 30-шілде. Kazakhstan Today - Үкімет қаулысы бойынша, еліміздің Білім және ғылым министрлігінде жастар ісі жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Комитеттің негізгі қызметі жастар саясаты әдістемелігін дайындау, жоспарлау және үйлестіру, нормативтік қамсыздандыру, мемлекеттік органдар қызметіне мониторинг жүргізу және бағалау, жалпы осы салада бақылау жүргізу болып табылады.

Комитет құру туралы үкімет қаулысы елбасының 2012 жылы 27-сәуір күні Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында қабылданды, делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны